Адвокаттық қызмет және заң көмегі

Азаматтардың заң білмегендіктерінен туындап жатқан мәселелер нешеме?!.

Қазақстан халқының құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасының деңгейін арттыру, құқықтық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Құқықтық сана – қауымға пана» арнайы жобасы ұйымдастырылып келеді.

Қызылорда облысының Әділет Департаментінің  және әділет басқармаларының  ұйымдастыруымен «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасының тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шара аясында «Е- заң» көмегі бірыңғай ақпараттық жүйесінің жұмысы бойынша ғылыми оқытушылардың және адвокаттардың қатысуымен семинарлар өткізілген.

Өткізілген шаралар бойынша 32 адамға «Құқықтық сауаттылық» курстары бойынша дәріс берілді.