Ауыл әкімдерінің сайлауы қалай өтті?

Целиноград ауданы Ақмол ауылдық округінің жаңа сайланған әкімі Жанат Дүйсекеев осы ауылдың тумасы.

Біз жүз көріскелі әкім мырзаны құттықтап келушілер қарасы үзілген жоқ. Ақсақалдар Жанат Төлеуұлына ақ батасын беріп, сайлаудың қорытындысына шынымен қуанып тұрғандарын аңғартты.
Кей кездері жол, жарық, судан мақрұм ауылдың бүгінгі көрінісі көз қуантады. Галстук тағып, «заң соғатын» әкімдерге мүлде ұқсамайтын, және сонысын бар іс-қимылымен көрсете білген, халық сенген әкім өзіне артылған сенім мен үміттін салмағын анық сезетінін айтады.
Сайлауға белсенді қатысқан, өздері қалаған әкімді сайлап алған ауыл тұрғындарының бұл науқанға деген бағасы жоғары. Бастысы осы еді.