Құқықтық сауаттылық айлығы басталды

Алматы қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің бастамасымен «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасы аясында құқықтық сауаттылық айлығы басталды.

2020 жылы ҚР Үкіметі «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға қосымша 4 арнайы жобаны енгізді, олардың қатарында – «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасы бар.

Жобаның басты мақсаты – Қазақстан халқының құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын қалыптастыру, құқықтық мінез-құлық дағдыларын ілгерілету.

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Баспасөз конференциясы өтті. Ұйымдастырушылар құқықтық сауаттылық айлығын өткізудің мақсаты мен тәртібі туралы айтып берді.

2 тамыздан бастап қаланың барлық 8 ауданында кәсіби медиаторлар мен тәжірибелі заңгерлер бекітілген кестеге сәйкес ONLINE/OFFLINE форматында қызығушылық танытқан азаматтар үшін тегін құқықтық кеңестер береді.

Сондай-ақ, айлық барысында құқықтық сала мамандары, ҮЕҰ өкілдерінің және т.б. қатысуымен онлайн семинарлар мен конференциялар өткізу жоспарланған.