Отбасы институтын зерттеу орталығы қайырымдылық және оқыту іс-шараларын өткізбек

Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының Отбасы институтын зерттеу орталығы ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде өтетін Отбасы күніне орай қайырымдылық және оқыту конкурстары жөнінде хабардар етеді.

Қазақстанда отбасы институты мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болғандықтан бұл салада қазақстандардың өмір сапасын арттыру мақсатында жүйелі және кешенді жұмыстар қамтылған. Отбасы институның кей мәселерін шешу мен нығайтуға қатысты және де ана мен бала өмірінің қауіпсіздігі, отбасының әлеуметтік қауіпсізідігін ұйымдастырудағы мемлкеттік саясаттың тиімділігін арттыру мақсатында атқарушы биліктің барлық тармағы мен қоғамдық институттар бірлесе отырып жұмыс істеуі тиіс. Осы мақсатта орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары бірлесе тамыз-қыркүйек айлары аралығында келесі іс-шараларды жоспарлап отыр:

Тамыз айында екі бағыт бойынша бейнеоликтердің онлайн конкурсы: отбасы құндылықтарына байланысты «Отбасы құндылықтарының сандықшасы» және балаларға арналған ертегілер бойынша «Ертегілер әлемі». Әр бағыт бойынша жеңімпаздарға арналған жүлде қоры 100 мың теңгені құрайды.

Конкурсқа қатысушылар 1-3 минуттық бейнероликте өз отбасының құндылықтары мен дәстүрі жөнінде немесе балаларға арналған ертегі түріндегі қысқа бейнеөнім ұсына алады. Конкурс 2021 жылдың тамыз айының 7-нен бастап, қыркүйек айының  9-на дейін жалғасады. Конкурстың жеңімпаздары онлайн дауыс беру арқылы анықталады. Конкурс қорытындысы 2021 жылдың 10 қыркүйегінде анықталып, барлық бейнеөнімдер ресми сайт пен ҚҚДИ-дің барлық әлеуметтік желілерінде #kiorotbasy2021 #киорсемья2021 хештегтерімен орналастырылады.

Отбасы институтын зерттеу орталығының бастамасымен Отбасы күніне байланысты отбасылық өмірге дайындық және отбасы тәрбиесіне арналған видеолекциялар сериясын ұйымдастырады. Аталмыш іс-шараға психологтар мен педагогтар, отбасы медиаторлары мен танымал тұлғалар лектор ретінде шақырылады. Видеолекциялар kipd.kz сайтында және барлық әлеуметтік желілерде орналастырылады.

Қыркүйек айында Отбасы институтын зерттеу орталығының сарапшы мамандары отбасылық арт-терапия бойынша оқыту тренингтерін ұйымдастырады. Тренингке қатысушы ретінде балаларымен бірге отбасылар шақырылады.

Отбасы күні аясында алдағы екі ай бойы әлеуметтік жағдайы мен өмірлік қиындықтарға тап болған отбасыларға арналған қайырымдылық акциялары ұйымдастыру жоспарлануда. Іс-шара барысында «Ана үйі», балалар үйі мен дағдарыс орталықтарына арнайы көмектер жолданатын болады.

Және де Отбасы күні мерекесіне арналған «Ауылыма кітап» қайырымдылық акциясы арқылы ауылдық жерлердегі кітапхана қорларын толықтыру көзделуде. Кітап жинау мен ауылдық елді-мекендерге жеткізу іс-шаралары тамыз-қыркүйек айларына жоспарланып отыр.

Және интернет қолданушылардың назарына отбасы тақырыбына қатысты жүргізілген Отбасы институтын зерттеу орталығының өзекті зерттеулерін ұсыну жоспарланып отыр. Тамыз айында әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы бойынша әзірленген «Ата-ана моделі мен ата-аналық потенциал» атты видеоөнім даярланады.

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының Отбасы институтын зерттеу орталығының қорытынды мәлімдемесі бойынша: «Отбасы күніне орай жоспарланып отырған іс-шаралар кешені қоғамдық институттар мен орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қатысуымен отбасы құндылықтары, ана мен бала өмірінің қауіпсіздігі, отбасы тәрбиесі мен отбасылық дәстүрді насихаттау мен нығайтуға арналған әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға арналған» -  бірден бір бастама.