Павлодарда «Ауылыма кітап» акциясы басталды

Оқу мәдениетін ілгерілету арқылы өскелең ұрпақтың жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік бағдарын қалыптастыру мақсатында Қазақстандағы Отбасы күніне арналған «Ауылыма кітап» республикалық қайырымдылық акциясы Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен қолға алынды.

Акция шеңберінде 18 министрлік әр облыстың кітапхана қоры жеткіліксіз ауыл мектептеріне жаңа кітаптар ұсынуды жоспарлаған болатын. Осылайша, бүгін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өңірімізге түрлі жанрлардағы 200 жаңа кітапты ұсынды. Министрліктің атынан кітаптарды Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөліміне акцияны ары қарай білім басқармасымен бірігіп жалғастыру үшін табыстады. Аталмыш кітаптар ауылдық мектептерге таратылатын болады.

Іс-шараға Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті, білім басқармасы, ақпарат және қоғамдық даму басқармасының өкілдері қатысты.

 

Павлодар облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі