Жазира Кәменова: «Кемел болашақ» жаһандық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты іске асырып жатқан «Кемел болашақ» жобасының негізгі мақсаты «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құндылықтарын түсіндіру мен жас ұрпақты тәрбиелеудің жаңа әдістерін өзектендіру.

Жобаның ерекшелігі мен бірегейлігі сол, балалардың психологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие үдерісінің мәселесіне кешенді тәсілдер қолдануды көздейі. Осы орайда «Рухани жаңғыру» орталығы Талдау және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жетекші менеджері Жазира Кәменова Ruh.kz порталына аталған жоба жөнінде әңгімелеп берді. 

– Аталған жоба аясында қанша бастама іске асырылмақ?

«Кемел болашақ» жобасы аясында жалпы он үш бастама «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қағидаты бойынша іске асырылады. Жоба нәтижесінде 100-ден астам оқу вебинарын сәтті аяқтаған қатысушыларға сертификат табысталады. Жобаның ерекшелігі мен бірегейлігі балалардың психологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы құндылықтарын ілгерілету арқылы тәрбие үдерісінің мәселесіне кешенді тәсілдер қолдану.

Бірінші топқа әртүрлі жастағы балалардың дүниетанымын кеңейтуге және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы құндылықтарға тәрбиелеуге бағытталған төрт бастама кіреді. Олар: бастауыш сынып оқушыларына арналған бояу кітапшаларын, бастауыш және орта сынып оқушыларына ертегілер жинағын, танымдық-дамытушылық кітаптар, сондай-ақ орта және жоғары сынып оқушыларына әдеп (этика) бойынша кітаптар дайындау.

Жобаның екінші тобы балабақшалар, мектептер, ТжКБ, жоғары оқу орындары мен Оқушылар сарайларына арналған әдістемелік және аудиовизуалды материалдарды әзірлеуге бағытталған бес бастаманы қамтиды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы қағидаттарына сәйкес бейнероликтер мен бағдарламаға арналған бұрыштар, кабинеттер мен залдарды ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар әзірлеу. Білікті мамандардың қатысуымен оқу вебинарларын өткізу, Оқушылар сарайы оқушыларына арналған «Upgrade yourself for 10 days» бағдарламасын іске асыру. Бұл бағдарламаның мақсаты – талант-менеджменттің авторлық курсына негізделген мінез-құлық модельдерін жас ұрпақтың күнделікті тәжірибесіне енгізу. Сондай-ақ, «Upgrade yourself for 10 days» бағдарламасы бойынша геймификациялау (мобильді қосымшалар ойыны). Оның мақсаты – «Upgrade yourself for 10 days» ойын элементтерін пайдалану жолымен бағдарламаның мақсаттарын әртүрлі мектеп жасындағы балаларға бекіту, үйрету. Дәл осы бағыттағы тағы бір келелі жоба – идеологиялық алаңды талдау үшін әлеуметтік зерттеу жүргізу болса, өңірлердегі Әлеуметтік жобалардың акселераторына сараптамалық қолдау көрсету, сонымен қатар Акселератордың әлеуметтік жобалар жинағын әзірлеу («Өзгерістердің саруарлары» жобасы) де негізгі жобалардың қатарында. Ал «Балалық шақ» форсайттық зерттеуін жүргізу, «Қоғамдық сананы жаңғырту: тұжырымдамалық және әдіснамалық тәсілдер» монографиясының екінші басылымын әзірлеу бастамалары да аталған жоба аясында іске асырылуы тиіс. Мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы жұмыстардың жаңа аспектілерін түсіндіру.

– Өзіңіз айтқандай, «Өзгерістердің саруарлары» жобасы  елшілер пулын әзірлеуді іске асырды. Жобаның мақсаты мен маңыздылығына тоқталып өтсеңіз.

Биыл «Өзгерістердің саруарлары» әлеуметтік жобаларының акселераторы еліміздің өңірлерінде іске қосылмақ. Жоба өткен жылы «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты негізінде Нұр-Сұлтан қаласында пилоттық негізде іске асты. Жобаның мақсаты – бағдарламаның кағидаттарына сәйкес әлеуметтік жобаларды қолдау және аумақтық қамту.

– Байқау қорытындысы бойынша түскен өтінімдер қалай іріктеледі?

Байқау биыл 10 қыркүйекте жарияланып, өтінімдер 30 қыркүйекке дейін қабылданады.    Байқауға  ҮЕҰ, әлеуметтік кәсіпкерлер, бастамашыл топтар, ғалымдар, өнер және мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ шағын және орта бизнес өкілдері қатыса алады. Өтінімдер мына өлшемшарттар бойынша іріктеледі. Біріншіден, мақсатты аудитория арналған жобаның маңызды нәтижелерінің болуы мен әлеуметтік тиімділікке қол жеткізуі. Екінші жағынан, белгілі бір салада және халықтың нақты топтары арасында бағдарламаның қағидаттарын іс жүзінде іске асыру үшін жобаның әлеуеті;

– Іріктелген жобалар қандай басымдықпен анықталады?

Басты басымдық – бұл жобалардың әлеуметтік маңыздылығы, басқаша айтқанда, таңдалған жобалар қоғамға пайдалы болуы қажет. Сондай-ақ, жобалардың тиімділігі маңызды рөл атқарады, яғни жобалар қазірдің өзінде жұмыс істеп тұруы керек. Ал идеялық деңгейдегі жобалар болса, онда сол жобаның командасы басқа жобаларда тәжірибелі болуы керек.

– Акселерация нәтижесінде іске асырылатын жобалар нақты қандай бағыттарды іске асырмақ?

Биыл акселератор 6 бағыт бойынша жобалар қабылдайды:

  1. Инклюзивті қоғамды дамыту (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, қарт адамдар, ерекше қажеттіліктері бар адамдар, аз қамтылған көп балалы отбасыларды қолдау);
  2. Бейресми білім беру аясында өзекті құзыреттерді дамыту (қаржылық, құқықтық, медиалық, IT, цифрлық сауаттылық, ағылшын, мемлекеттік тілдерді меңгеру);
  3. Ауылшаруашылық, өңірлік, білім туризмін дамыту;
  4. Мәдениет, спорт, өнер және халық шығармашылығы саласындағы жобаларды біріктіретін алаңдарды дамыту;
  5. Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту;
  6. Аумақты (ауылды, ауданды, қаланы) дамыту, қалалық ортаны дамыту, кенттену саласының жобаларын қолдау.

– Келешекте мұндай жобалар жалғасын таба ма?

«Кемел болашақ» жобасының бірегейлігі – бір реттік емес, тұрақты түрде өткізілуі тиіс іс-шараларды қамтиды. Осылайша, уақыт өте келе атқарылған жұмыстың нәтижелілігі артып, жоба 2022 жылда да  жалғасын табады деп жоспарланып отыр. Бұл жоба жаһандық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді әрі мұндай жобалар үлкен әлеуетке ие, келешегі зор.

Әңгімеңізге рахмет!