Мемлекеттік басқару академиясында өңірлік жас басқарушылар біліктілігін арттыруда

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында кезекті семинар-тренингтер кешені басталды. Біліктілікті арттыруға бағытталған білім беру бағдарламасы жастар саясаты саласындағы республикалық және өңірлік кадрларды кәсіби қолдау мақсатында жасалған.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры А. Сакошев ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жас басқарушылардың біліктілігін арттырудағы үлкен рөлін атап өтті, өйткені Академия барлық мемлекеттік орган үшін жергілікті басқарушы кадрлардың біліктілігі мен құзыреттілігін арттыру мәселелері жөніндегі таптырмас бірегей мекеме.

HillManagement бизнес-тренері әрі персоналды басқару және бағалау бойынша сарапшы Өтепова Балзия басқарудың тиімді әдістері туралы айтып өтті. Ол жобаларды жоспарлау, іске асыру, мониторингілеу және бақылау ерекшеліктеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Ал бизнес-тренер, медиация бойынша жаттықтырушы, ICU-дің сертификатталған коучы, кәсіби медиатор Нагай Светлана өз ұстанымын дәлелдеу үшін жүйелі пайымды қалыптастыруға және шешім қабылдауға әсер ететін факторларға баса назар аударды.

Кәсіби даму академиясы – жастар саясаты саласындағы өңірлік кадрларға арналған біліктілігін арттыруға бағытталған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтымен және «Nur Otan» партиясы жанындағы Саяси менеджмент мектебімен бірлескен бағдарламасы.

Іс-шара барлық санитария-эпидемиология шарасын сақтап, «Ashyq» бағдарламасын қолдану арқылы өтуде.