Досхан Жолжақсынов «Отан» орденімен марапатталды

Бүгін еліміздің халық әртісі Досхан Жолжақсыновтың 70-жылдығы аталып жатыр. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық актер және кинорежиссер Досхан Жолжақсыновты марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.

Жарлықта «Мен ұлттық мәдениетті, кинематография мен театр өнерін дамытудағы ерекше еңбегі үшін Жолжақсынов Досхан Қалиұлын «Отан» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдаймын», - делінген. Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енеді.

Досхан Жолжақсынов 1951 жылы 7 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Балықшы ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Алматы мемлекеттік өнер институтын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) тәмамдап, Қазақ жастар мен балалар театрында өнер көрсеткен. 1995 – 2001 жылдары осы театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі болды. Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі (1994), Қазақстанның екі мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996 және 2016) атағын иеленді.

Осыған кейін ол театр мен кинода 200-ден астам рөлдерді сомдаған. Театр сахнасындағы алғашқы рөлі Вахитовтың «Алтын қабырға» спектакліндегі Қылыш-бек болды (1972). Жолжақсынов Отандық кино өнерінің дамуына үлес қосып, «Гауһартас», «Даладағы қуғын», «Алтын күз», «Омпа», «Ақ барыстың ұрпақтары», «Көшпенділер», «Біржан сал» және т.б. фильмдерге түскен.