Республикалық балалар байқауы қорытындыланды

Бүгін Жастар бастамаларын дамыту орталығының залында 5-7 сынып оқушыларына арналған «Туған елің Қазақстанды жақсы білесің бе?» атты республикалық балалар оқулары байқауының ІІ облыстық турының марапаттау рәсімі өтті.

Байқаудың мақсаты: балалардың кітап оқуға деген құштарлығын қалыптастыру, еліміздің тарихы, географиясы, астрономиясы және мәдени дәстүрлерімен тәрбиелеу. Сонымен қатар, еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының идеяларын жас ұрпақтың бойына сіңіру.

Байқаудың І кезеңі барлық қалалар мен аудандарда өткізілді. Павлодар облысының білім беру басқармасы Павлодар облысы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөлімімен бірлесіп онлайн форматта байқаудың облыстық кезеңін өткізді. Облыстық кезеңге 18 команда, 90 оқушы қатысты.

ІІ облыстық кезеңге облыстың қалалар мен аудандарынан, мамандандырылған мектептерден 18 команда қатысты.

Қорытынды есепте:

І орынды Екібастұз қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған №1 лицей-мектебінің оқушылары;

ІІ орынды «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің құрама командасы;

ІІІ орынды Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның құрама командасы иеленді.

Жеңімпаздарға арналған кітаптарды ұсынған республикалық байқаудың ұйымдастырушылары – «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты және «Шұғыла кітап» баспасы.