Жылдың үздік ақыны анықталды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында дәстүрлі Жұмабек Ахметұлы Ташенев жүлдесіне арналған Тәуелсіз Қазақстанның дамуында мәдениет пен өнер, білім мен ғылым саласында Һәм қоғамда белсенділік танытып жүрген қайраткерлері мен «Жылдың үздік айтыс және жазба ақындары мен жас қаламгерлері» анықталатын облыстық байқау өтті. 

Байқау туған елін, туған жерін қорғауда ерекше ерлік көрсетіп, ұлтарақтай жерімізді ұрпаққа аман сақтап қалу жолында басын бәйгеге тіккен Алаштың біртуар перзенті Ташенев Жұмабек Ахметұлының өнегелі істерін, қайраткерлік жолын, асыл мұрасын дәріптеуді мақсат етеді.

e9496e8a-7639-4744-a5c2-6c282841ea14.jpg

Мемлекетіміздің дамуына аянбай еңбек етіп жүрген қайраткерлердің еңбегін бағалау, Ұлттық поэзиямызды насихаттау, ұрпақты ұлттық ата-дәстүр рухына тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

733f980c-a083-44b1-a014-3fa8234be9e6.jpg

Биыл оныншы мәрте өткізілген байқаудың нәтижесі бойынша:

Жылдың үздік қаламгері – Жағыпар Әділет Бауыржанұлы;

Жылдың үздік фильммейкері – Садықов Айдос Сейлханұлы;

Жылдың үздік тілшісі – Ахат Құрмансейіт;

Жылдың үздік қайраткері – Ерғожин Алтай Оралтайұлы;

433dc811-49a8-43c5-96bd-5e7cf2f5e327.jpg

Жылдың үздік мәдениет және өнер қайраткері – Ысқақов Боранқұл Ысқақұлы;

Жылдың үздік ғалымы – Нұрсахан Ахметқызы, Сағындық Убайұлы;

Жылдың үздік айтыскер ақыны – Ботпай Доскей;

Жылдың үздік ақыны – Бек Ноғайбайұлы;

Жылдың үздік дәстүрлі өнерді дәріптеушісі – Дәуренбек Әркенов аталды.