Әуезов театрының мәртебесі өзгерді

Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы академиялық театрға ұлттық мәртебесі берілді. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы жарлығымен Әуезов театрына «Ұлттық» мәртебесі берілді.

«Енді М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық академиялық драма театры атанды. Қазақ өнерінің қара шаңырағы – Әуезов театрының 95 жылдық тарихы бар. Театр өнерінің корифейлерінің ізі қалған өнер ұжымын бүгінгі жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!» - делінген театрдың инстаграм парақшасында.

Сонымен қатар, өңірлердегі бірнеше өнер ұжымдарының да атауы өзгерді.

Түркістан облысы Келес ауданының Мәдениет үйіне ҚР Халық артисі Әшірәлі Кенжеевтің есімі берілді. Одан бөлек, кеше астанадағы Қабатовтың театрына Әзірбайжан Мәмбетовтің есімі берілген болатын.