Елордада «Ауыл хикаялары» спектаклінің премьерасы өтеді

Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры 27-28 ақпанда өтетін көрнекті жазушы Оралхан Бөкейдің «Ауыл хикаялары» спектаклінің премьерасына шақырады деп хабарлайды Ruh.kz порталы театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ауыл хикаялары» драмасы жазушы О.Бөкейдің «Апамның астауы», «Қош, махаббатым» және «Маңдайдан бағың шайқалса» әңгімелерінің желісі бойынша сахналанады.

«Көрермендер өкініш пен қоштасу, қуаныш пен мұң, махаббат пен қимастық сезімін бастан кешіріп, кіші сахнада қойылымның қатысушысына айналады. Қойылым сіздің жүрегіңіздегі ыстық сезімді оятып, асыл шақтарыңызды еске алуға, сіз үшін қымбат жандармен тағы бір мәрте тілдесуге, сырласуға мүмкіндік береді», - делінген таратылған хабарламада.

Қойылымның режиссерлері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Сайлау Қамиев, Нұржігіт Муслимов, Әли Бидахмет, суретші – Айнұр Есболатова.

Өтетін орны: NOMAD CITY HALL Басталуы: сағат 19:00-де.