Қазақстанда «Ұлы дала таңы» фильмі түсіріле бастады

Фильмде Қазақ хандығында Қасым хан билік еткен кезеңде мемлекет өркендеп, Шығыс Дешті-Қыпшақтың кең аумағына бақылау орнатылғаны туралы баяндалады деп хабарлайды Ruh.kz порталы Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына қызметіне сілтеме жасап.

25 ақпанда Алматы облысы Жаркент ауданы Көктал ауылының маңында режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» толықметражды тарихи көркем фильмінің түсірілімі басталды.

«Кинотуындыны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы түсіреді. Ауа райының уақытша суығаны түсіру тобына қыс мезгіліндегі табиғатты түсіріп алуға мүмкіндік берді. Өндіріс кестесіне сәйкес, 2 күннен кейін түсірілім тобы өз жұмыстарын жалғастыру үшін Кеген ауылының маңына көшеді», - делінген Instagram-дағы хабарламада.

Картинада Қазақ хандығында Қасым хан билік еткен кезеңде мемлекет өркендеп, Шығыс Дешті-Қыпшақтың кең аумағына бақылау орнатылғаны туралы баяндалады.