Қазақстанда Амал мейрамы аталып өтуде

Бүгін елімізде ерекше мереке – Көрісу күні аталып өтуде. Бұрын бұл мейрам еліміздің батыс өңірлерінде мерекеленсе, бүгінгі таңда оның аясы кеңейіп келеді. Наурыз мерекесінің бастауы болып саналатын мереке жайлы қызықты ақпаратты Ruh.kz порталы ұсынады.

14 наyрызды көпшілік «Көрісy күнi», «Aмaл мерекесі» дeп тойлап жатады. Осы күні көшпелі өмір салтын ұстанған ата-бабаларымыз қыстан аман шыққанын білдіргендей ағайын-тyысты іздейді, хал сұрасады. Амал мерекесінде жасы кішілер үлкендердің үйіне барып, көрісyі міндетті. Бәрінен бұрын құдайы көршінің шаңырағына бас сұққан жөн.

Көрісе отырып, қоныстастар бір-біріне «Бір жасыңмен!», «Жасың құтты болсын!», «Жасың қайырлы болсын!» деп тілегін білдіреді.  Адамдар үй ішін жуып, тазалап, ауланы да ретке келтіріп қояды.  14 наурыз күні таң біліне бастағанда ешкім ұйықтап жатпауы керек. Әсіресе, қарты бар үйлер оянып, көрісіп шығатын адамдарды күтіп отырады.

Міндетті түрде әр үй дастарханын толтырып, бар тәттісін қойып, бауырсақ, жеті шелпек пісіреді. Көрісу күніне ешкім арнайы шақырылмайды, жайылған дастархан да жиылмайды. Адамдар бір-біріне түске дейін көрісіп шығуға тырысады.Бұл күні әр адам кемінде үш үйдің есігін ашуы керек.

Көрісу күнінің рәсімі бойынша, ер адамдар құшақтасып, төс түйістіреді, әйелдер болса, құшақтасып, беттерінен сүйіп, көріседі. Тек келіндердің аталарымен және қайынағаларымен көрісулеріне болмайды деген ырым бар.

Тағы да бір ырым: қарызыңызды иесіне осы күнге дейін беруге тырысыңыз.

Үй-үйді аралап жүргенде кішкентай балаларға аналары шағын дорба ұстатып қояды. Балақай қай үйге көрісуге кірсе, сол үйдің дастарханынан ауыз тиіп, бауырсақ, тәттіден салып алады. Бұл жоралғы «Жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін, дастарханымыз аралас болсын, қарым-қатынасымызға сызат түспесін» деген ниеттен туған.

Амал мерекесі Наyрыз мейрамының кірер қақпасы саналатындықтан, киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар ойнатылады. Сол себепті халқымыз, әсіресе жастар Амал мейрамын асыға күтеді.   

Бұл күні ешкім ешкімге ренжімей, жайдары жүру керек.  Көрісуге келмеген адамға “«Көрісіп шықпады» деп реніш білдіру орынды саналады екен.

Ендеше, баршамызға Амал мерекесі құтты болсын! Жаңа жыл тек жақсылығымен келсін!