Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитін ашады

31 наурызда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:00-де онлайн форматта Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті өтеді деп хабарлайды Ruh.kz порталы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап. 



«Ертең, 31 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 17:00-де онлайн форматта Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті өтеді. Бейресми саммитті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ашып, жүргізеді. Жиынға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбан, Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев қатысады»,- деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, шара барысында бауырлас мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалар бойынша ынтымақтастық және оны одан әрі дамыту мәселелері талқыланады. Саммит қорытындысы бойынша түркі елдерінің мәдени құндылықтарына және Кеңестің мәртебесіне қатысты декларацияны қабылдау деп жоспарланған.