Садақ атудан ел чемпионы анықталды

Алматыда садақ атудан жабық ғимараттағы ересектер мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан біріншілігі мәресіне жетті. 

Жалпыкомандалық есепте 2 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль иеленген Шымкент қаласының спортшылары топ жарды.  Екінші орында 2 алтын, 4 күміс, 2 қола еншілеген Алматы облысының командасы орналасқан. Үшінші сатыға 2 алтын, 1 қола медальмен Алматы қаласы, төртінші орынға 1 алтын, 2 күміс, 2 қола жеңіп алған Батыс Қазақстан облысы жайғасты.

Командалық есептегі алғашқы бестікті бір алтын медальмен Түркістан облысы тұйықтап тұр.   

Классикалық садақ ату, командалық сын, ерлер:

1. Алматы облысы (И. Абдуллин, С. Мұсаев, С. Дүзелбаев)

2. Алматы (Д. Дәулетханұлы, С. Кичкин, В. Кривашин)

3. БҚО (М. Қуанышқалиев, Ә. Мұстафин, С. Нұғман)  

Классикалық садақ ату, командалық сын, әйелдер: 

1. БҚО (А. Баннова, А. Ілиясова, Т. Құсайын)

2. Шымкент (А. Воропаева, А. Полякова, А. Туркина)

3. Алматы облысы (Е. Авдеева, А. Землянова, Ф. Түкебаева)  

Классикалық садақ ату, жекелей сын, ерлер: 

1. Сұлтан Дүзелбаев (Алматы облысы)

2. Санжар Мұсаев (Алматы облысы)

3. Ильфат Абдуллин (Алматы облысы)  

Классикалық садақ ату, жекелей сын, әйелдер: 

1. Александра Воропаева (Шымкент)

2. Алина Ілиясова (БҚО)

3. Анастасия Баннова (БҚО)