«100 жаңа есім» жобасына қатысушы кандидаттар үшін дауыс беру жалғасуда

100janaesim.ruh.kz сайтында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «100 жаңа есім» жобасының IV маусымына қатысушы кандидаттар үшін дауыс қабылдау жалғасуда. Барлық келіп түскен дауыстарды сапалы өңдеу мақсатында дауыс беру тәсілдеріне өзгерістер енгізілді.

Қазіргі уақытта 100janaesim.ruh.kz сайтында өз кандидатыңызға әлеуметтік желілер немесе электрондық пошта арқылы дауыс беруге болады. Дауыс беру үшін 100 janaesim.ruh.kz сайтындағы кандидат парақшасында «дауыс беру» түймесін басу керек.

E-mail арқылы дауыс беру тәсілін таңдаған кезде поштаға дауыс беру бетіне енгізілуі қажет код келеді. Қазіргі уақытта техникалық команда код деректерін алу жылдамдығымен жұмысты күшейтуде.

Әлеуметтік желілер арқылы дауыс беруді таңдаған кезде авторизациядан өтіп, содан кейін дауыс беру керек. Қазіргі уақытта Facebook және Google аккаунттары арқылы дауыс беру мүмкіндігі бар.

Өз кезегінде Vkontakte аккаунттары арқылы дауыс беру кибершабуылдардан қорғау мақсатында уақытша тоқтатылды.

Онлайн-дауыс беру мерзімі ағымдағы жылғы 12 сәуірге дейін ұзартылғанын еске саламыз. Дауыс беру тәсілдері бойынша сұрақтар туындаған жағдайда +7 7172 648517, +77010717720 телефондарына хабарласуға болады.