«Педагогикалық шеберлік – 2021» облыстық байқауының қорытындысы шықты

Байқау «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының бастамасымен өтті. 

«Байқауға келесі басым бағыттар бойынша барлығы 339 жұмыс ұсынылды: «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауыш білім беру», «Орта білім беру», «Техникалық және кәсіптік білім беру», «Инклюзивті білім беру». Оның ішінде күндізгі кезеңге 168 конкурстық жұмыс жіберілді: 140 авторлық әзірлеме, 20 инновациялық жоба, білім беру ұйымдарын дамытудың 8 бағдарламасы. Бұл ауқымды іс-шараның мақсаты мектепке дейінгі, бастауыш, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтарының шығармашылық әлеуетін дамытуға және үздік инновациялық тәжірибесін таратуға жәрдемдесу болды», - дейді қалалық білім беру бөлімінде.


Облыс педагогтары байқауға өздерінің шығармашылық жұмыстарын, әдістемелік әзірлемелерін, үйірмелер мен элективті курстардың бағдарламаларын, білім беру ұйымдарының даму жобалары мен бағдарламаларында іске асырылған қызықты идеяларын ұсынды. 



Сараптамалық кеңес байқау материалдарын бағалау кезінде байқаудың ережесінде көрсетілген практикалық құндылығы, өзектілігі, жұмыстың логикалық аяқталуы сияқты критерийлерді басшылыққа алды. Жалпы, байқауға қатысу үшін келіп түскен материалдардың мазмұны конкурстың бағыттары мен мәлімделген номинацияларға сәйкес келді.

Сараптамалық кеңес қызметінің қорытындысы бойынша байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен 86 жұмыс белгіленді, оның ішінде Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 50 педагогі және мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу тәрбиешілері бар.



«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бағыттары бойынша облыста 10 орынның 6-ы, «Бастауыш білім беру» бойынша 18 орынның 10-ы, «Орта білім беру» бойынша 39 орынның 26-ы, «Инклюзивті білім беру» бойынша 11 орынның 8-і орын алды.

І дәрежелі дипломмен Сәния Қабдул (№ 6 мектепке дейінгі гимназия), Айнұр Абильдинова (№ 43 ЖОМ), Инна Сидоренко (Жетекші ЖОМ), Ольга Морозова (Кенжекөл ЖОМ), Бағлан Нұржанова, Махаббат  Ибраим (№17 ЖОМ), Жанна Темірова, Зәуре  Сарбасова (Палодар қаласы білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы) марапатталды.

Сертификаттар 2021 жылдың 16 сәуіріне дейін байқау қатысушыларының поштасына электронды форматта жіберіледі. Дипломдардың түпнұсқаларын (1, 2, 3 орын) 2021 жылғы 9 сәуірде біліктілікті арттыру институтынан алуға болады.