Қазақстан мен Түркия бірлесіп Қорқыт туралы телехикая түсіреді

Қазір осыған қатысты келіссөздер жүріп жатыр.

Бұл мәселе еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның түркиялық ТРТ телерадиокомпаниясының басқарма төрағасы Ибрахим Еренмен кездесуі кезінде талқыланды.

Бұдан бөлек, балаларға арналған анимациялық және танымдық фильмдер түсіру де жоспарда бар.