Үстел ойындарынан үздік спортшылар анықталды

Павлодардың «Шахмат үйінде» Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған қалалар мен аудандар арасында олимпиадалық, ұлттық және халықтық спорт түрлері бойынша XXIV облыстық кешенді спартакиада өтті.

Спортшылар дойбы, шахмат және тоғызқұмалақ бойынша жарысты.

Шахматта қалалар арасында Павлодар, ал аудандар арасында Ақсу ауылдық округінің спортшылары үздік шықты.

Дойбыда Павлодар қалаларының ойыншылары, аудандар ішінде Екібастұз ауылдық округтерінің спортшылары жеңіске жетті.

Тоғызқұмалақ жарысында ақсулықтар облыс орталығы командасын тізе бүктіріп жеңімпаз атанды. Аудандар ішінде Ертіс ауданының тоғызқұмалақшылары үздік екенін байқатты.