«Жастар» ҒЗО медиа сауаттылық бойынша оқытуды бастады

21 сәуірде Мемлекеттік жастар саясаты мектебі аясында облыстық жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлеріне арналған «ProInfo» үш күндік онлайн тренинг-семинары басталды. 

Ұйымдастырушылар – ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитеті және «Жастар» ҒЗО.

Тренингтің негізгі мақсаты – жастар ресурстық орталықтарының БАҚ және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмысын жетілдіру және жастардың ЖРО қызметі туралы ақпараттану деңгейін арттыру.

Семинар-тренингтің қатысушылары ақпараттық материалдарды жасау, медиа саласының өзекті трендтері және әлеуметтік желілердің жаңа мүмкіндіктері, сондай-ақ eljastary.kz интернет-ресурсында жұмыс жасау бойынша дағдылар мен құзыреттіліктерді дамытады. Семинарға барлық өңірлерден 32 адам қатысуда.

Мемлекеттік жастар саясаты мектебі – бұл келесі тақырыптар бойынша ЖРО мамандарының біліктілігін және шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталған арнайы білім беру бағдарламасы.