BBC: Құрт – көшпенділер жасампаздығының көп қырлы байлығы

BBC News ақпараттық агенттігі «көшпенділер жасампаздығының көп қырлы байлығы» саналатын құрт өнімі туралы мақала жариялады.

Бұл өнімнің тұрлі атаулары бар: Иранда «кашк» деп аталса, Арменияда «чортан», Моңғолияда «аарул» делінеді, деп жазады BBC.

Ерте кездерден кальций мен ақуызға бай құртты Жібек жолы бойында және одан тыс жерлерде саяхатшылар басытқы ретінде жеген. Жібек жолы бойында туған бұл өнім қазақ және өзге ұлттардың беріктігі мен күшінің негізгі көзіне айналды.

Құртқа деген сұраныс 21-23 наурыз аралығы күрт өседі. Бұл күндері қазақша Жаңа жыл атап өтіледі. Қазақ этнографы Әйгерім Мұсагажинованың айтуынша, құрт оны тістеу мүмкін болмайтындай қатты болмауы керек.

«Оның сырты құрғақ болуы тиіс, құртты тістегенде ол жұмсарып, балғын және нәзік болады. Адам құрт туралы ойлағанда біздің ауызымызда дәл лимонды ойлағандағыдай сезім пайда болады», - дейді Әйгерім Мұсагажинова.

BBC атап өткендей, жақында Әйгерім Мұсагажинованың қазақ тамағының жоғалған 50 салты мен рецепті жинақталған кітабы жарық көрген. Оның 13 жылғы зерттеуі Қазақстанның түкпір-түкіріне екі жылдық сапар нәтижесін қосады.

Әйгерім мәдениет пен салтты сақтаушылардың үйлерінде болып, олардан сұхбат алған. Батыс Қазақстанда құртты түйе сүтінен әзірлейді, Солтүстік Қазақстанда құртқа жеміс, кептірілген жеміс және жаңғақ қосады.

Елдің оңтүстігінде ыстық климатта ұзақ сақталуы үшін тұз көп қосылады. Ал оның көлемі мен пішіні құртты дайындаушы адамның қолына байланысты өзгеріп отырады. Құрт туралы ең танымал оқиғаның бірі Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі еңбек лагерінде болды.

Бүгінде ол – Қазақстанның солтүстігіндегі Ақмола облысында орналасқан АЛЖИР мұражайы. Раиса Голубеваның өлеңінде лагерь тұтқыны Гертруда Плайтастың естеліктері бойынша лагердегі әйелдер мен балалардың ауыр жағдайын көрген жергілікті тұрғындар оларға «ұсақ тас» – құрт лақтырған. Осы «ақ ұсақ тастар» қамалғандарға азық болған.