Елордада Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнатылады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Батырхан Шүкеновтің ескерткішінің үздік эскиз-идеясына байқау жариялады деп хабарлайды Ruh.kz порталы ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.  

Елорда әкімдігінің мәліметінше, Батырхан Шүкеновтің құрметіне ескерткіш қалалық саябақта орнатылады деп жоспарланып отыр. Жоба демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Ұсыныстарды Birge платформасына (https://birge-elorda.kz/nur-sultan/) сайттың оң жағындағы төменгі бұрышындағы «Кері байланыс» батырмасы арқылы жіберуге болады.

Көрнекті әнші және композитор Батырхан Шөкенов 1962 жылы 18 мамырда дүниеге келген. Оның мезгілсіз қазасы жөніндегі хабар бүкіл елдің, әншінің миллиондаған тыңдарманының қабырғасын қайыстырды.