Топ 10 қазақ мультфильмі

Кейде мультфильмдер бірнеше сағаттық фильмдерден гөрі көбірек сабақ бере алады. Бүгін Ruh.kz порталы Топ 10 отандық анимациялық фильмдер тізімін ұсынады:

«Толағай» ертегісі

Аңыз бойынша Саржан аңшының отбасында ерекше ұл дүниеге келеді. Қуанған әке-шеше дүбірлетіп той өтізіп, балаға Толағай деген ат қояды. Бала ай санап емес, күн санап өседі. Ауылдағы барлық балалардан, тіпті ересетерден күшті, айғырды иығына оңай көтере салатындай болады. Ертегіде Толағайдың ерлігі көрсетіледі.

«Өсиет» отбасылық мультфильмі

Бұл туынды ақын әрі батыр Махамбет Өтемісұлының өмірінен сыр шертеді. Ертегіні Ruh.kz порталының YouTube каналынан көре аласыздар.

«Мұзбалақ» отбасылық фэнтезиі

Ерте заманда қара ниетті Шегірдің кесірінен жер астындағы абжылан оянып, жер бетіне шығады. Абжылан қазақ ауылын отқа орап, қарсы келгенді жалмап, ел ішіне үрей туғызады. Сол сәтте балапанына қауіп төңгенін сезген ана бүріт абжыланмен айқасып, оны жер астындағы мекеніне қуып тығады. Жеңілген абжылан ұясына жасырынып, өз уақытын күтеді, ал бүркіт отқа оранған ұядан балапанын алып, алысқа ұшып кетеді. Уақыт өте, жылан қайтадан өз үңгірінен шығады...

«Ер Төстік пен Айдаһар» толықметражды анимациялық фильм

Әр қазақ баласы оқып өскен бұл ертегінің анимациялық нұсқасы да сәтті шыққан туынды. Оқиға желісі бойынша Төстіктің таңғажайып ерліктері суреттеледі.

«Білімқұмар Бейбарыс» танымдық роликтер жиынтығы

Қазақ жазушыларының балаларға арнап жазған шығармаларының негізінде дайындалатын анимациялық роликтер (+4 жас) жиынтығы. Жалпы алғанда дүниетануға қатысты сұрақтардың жауаптары балалар тілімен ұсынылады.

«Қошқар мен теке»

Қошқар мен Теке бақыт іздеп, сапарға шығады. Жаңа өмірдің еркіндігі мен бейтаныс орта қызыққа толы болғанымен, бас кейіпкерлер түрлі шытырман оқиға тап болады. Бұл сапарда Қошқар мен Теке нағыз бақыт не екенін түсінеді.

«Отырар» дастаны

Мұхтар Шахановтың шығармасы негізінде түсірілген қысқаметражды анимациялық фильм Отырар қаһармандығы немесе жеңілген жеңімпаз туралы.

«Аңшы» қысқаметражды мультфильмі

Аңшы бүкіл ауылдың негізгі асыраушысы болады. Барлығы оған тәнті болып, оның аңшылықтан қайтуын асыға күтетін. Ақсақалдардың қуанышы және жігіттердің батыры болып есептелетін аңшының ойы бұзылып, табиғаттың қаһарын сезінеді.

«Oqsyz oqigasy» мультфильмі

Фильмде әлемнің екінші ұстазы әл-Фарабидің балалық шағы көрсетіледі.

«Күлтегін» толықметражды анимациялық фильмі

Үш тайпа одағымен біріктірілген Ұлы Түркі мемлекетінің берекесі кете бастайды. Түркілердің бірлігін сақтаған ұлы қаған Елтірес жаңа мемлекеттің билеушісі болуға ұмтылған сатқындардың қолынан қаза табады. Елтірес қағанның ұлы, тақ мұрагері, 12 жасар Күлтегін сатқындардан қашып құтылады.