Ұлттық киімдер көрмесі ашылды

Г. Потантин атындағы Павлодар облысының тарихи-өлкетану музейі көпшілік назарына Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Халық өмірінің поэзиясы» атты ұлттық киімдер көрмесін ұсынады. 

«Көрмеде  өңірдегі ұлттық мәдени орталықтарының материалдық және рухани мәдениетінен сыр  шертетін 200-ден астам зат қойылған.  Әрбір зат Павлодар облысында тұратын халықтың тыныс-тіршілігі мен болмысын көрсетеді. Сондай-ақ  қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге, достық пен келісімді нығайтуға, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеуге  бағытталған», - дейді  этнографиялық бөлімде.

Әртүрлі ұлт өкілдерінің ұлттық  киімдері мен қолөнер бұйымдарының ішінде қазақ халқының ұлттық нақыштағы ер адамдар мен ақ жаулықты әжелердің  киімдері де бар.