8 Мамыр, 2019
СОҒЫС – РОМАНТИКА ЕМЕС!

Соғыс. Жараланған жан.  Жансыз дене. Атылған оқ. Жарылған снаряд. Бір жақ үстемдік танытса,   келесі жақ әлсірей береді.  Жауынгері азайып, солдаттар секемдене бастаған жақ та жеңіс күнін белгілеп үлгерген жақ та баса назарды жауынгердің псиxологиясына аударады. 

Ия, рас кейбір ерлік істер (көбіне ақырғы істер) әбден ашынғандықтың, ақылынан адаса бастағандықтың кепілі.   Ал пульеметті төспен жабу, жау легіне қарсы жалғыз жүгіру, танкінің астына түсіп өзімен бірге жарып жіберу сынды ерліктер жайлы нені айтамыз, нені жабулы қазан жабулы күйінде қалдырамыз? 

Елестетіп көріңізші дарылдап жатқан пульемет, кеудеңмен жаппақ түгелі маңайына жолау мүмкін бе? Бір адамның кеудесіне бола қақалып, "ойланып" қалар болса оның несі қару? Жалпы кеудемен пульемет жабу ақылға қонымсыз дүние. Сонда бұл өтірік сөз бе? Ынжырғасы түскен қауымның қайсарлығын ояту үшін әдейі таратқан әңгіме ме? Қолдан жасалған ерлік, қолдан құйылған тариx па? 

Айту оңай, ал соғыстың бел ортасында білек сыбана парызын өтеп жүргендердің өзара дау-дамайы жайлы не білеміз? Маза бермейтін, әлімжеттік жасайтын адамдарды өзінің жақтастары ататыны қаншалықты рас? Соғыста болмаса да болғандай, көрмесе де көргендей қылып ертегі құрау дұрыс емес. Бұл бабаларымыз ерлік жасамады дегенім емес! Бірақ жасалған ерлік пен ойдан құралған ерліктің арасында үлкен айырмашылық бар. Аңыз-әпсананың уақыты өтіп, туралық пен шындықтың дәуірі басталып кетті. Тізе берсең ойланарлық дүние көп-ақ. Айтар біреу. Соғыстан романтика жасаудың қажеті жоқ! Бетін аулақ қылсын.

 

БАБАЛАР ЕРЛІГІ - ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

    9-мамыр – Ұлы Жеңіс күні.  Осыдан 74 жыл бұрын, бұл күні адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғысы Ұлы Отан соғысы аяқталды. Екінші дүниежүзілік соғыс, біз үшін Ұлы Отан соғысына 6 материктің сол кездегі әлемнің дербес 60 астам елі қатысқан болатын. 

Айбынды білек, жеңістеріне сенімді ыстық жүректері мен қайрат күштерімен кешегі жігіттер бүгінгі, өнегелі аталарымыздың арқасында 1945 жылдың 9 мамыр күні Ұлы мейрам – жаудың жеңіліп, соғысты жеңіспен аяқтадық!

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Англиядағы неміс агентурасы Черчилді шоколад арқылы жарып жібермек болған. 

Жұқа шоколадтың ішіне орнатылған бомба шоколадты сындырған кезде іске қосылуы қажет еді.  Ағылшын арнаулы қызметі МИ-5 немістердің бұл жоспарын біліп қояды. МИ-5 басшысы әйгілі банкирлердің туысы Виктор Ротшильд Черчилден бастап, барлық белді шенеуніктерді ескертумен қатар, жоспарланған қастандық туралы "Неміс шоколадының құпиясы" деген плакаттар жасатып, кеңінен таратады.

Сұлтан МҰСТАФИН,

Ruh.kz


Ruh.kz
Сұлтан Мұстафиннің жеке қорынан