4 Желтоқсан, 2017
Солтүстік Қазақстанда жыл жәрдемшілеріне құрмет көрсетілді (ШОЛУ)

Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мадияр Кожахметтің қатысуымен «Жыл жәрдемшісі» конкурсының финалы болды.


Қазақстан халқы Ассамблеясы екі жыл қатарынан «Жыл жәрдемшісі» атағына конкурс өткізеді. Аталған конкурс өңірде қайырымдылық мәдениетін насихаттау мақсатында өткізілді. Айналадағы адамдардың проблемаларына араласып, жақындарына жақсы үлгі көрсететін жанждарды атап өту маңызды.




«2017 жылдың басынан «Қоғамдық келісім» КММ СҚО ҚХА бірлесе қайырымдылық іс-шаралары қатарын өткізіп, халық әлсіз тобына 8,000,000 тг сомада қаржылық қолдау көрсетті. Өңірде тұрақты мониторинг жүргізіледі, мұқтаждар базасы және жәрдемшілер мен меценаттар базасы жаңартылады», - деп хабарлады ұймыдастырушылар.




Бірінші жарты жылдықта Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени орталықтары және «Қоғамдық келісім» КММ қайырымдылық концерттер, акциялар өткізді, сондай-ақ балалар үйлеріне, мамандандырылған мекемелерге барды. Көрсетілген көмектің жалпы сомасы 500,000 астам тг құрады.



2017 жылғы көктемде өңірде су тасқынынан жүздеген үйлер суға кеткендіктен, төтенше жағдай жарияланды. Этномәдени бірлестіктер зардап шеккендере 1,200,000 тг сомада көмек көсетті. 3,000,000 жуық тг сомада гуманитарлық көмек берілді. «Ахыска» түрік этномәдени орталығы, Түмен облысы қазақтары ұлттық-мәдени автономиясы, сонымен бірге Астана қ. «Клуб добряков» қол ұшын берді. Аталған көмек уақытша эвакуациялау орталықтарына және зардап шеккендердің мекенжайларына жеткізілді.




«Бүгінгі таңда Ассамблея келісімді сақтау, қоғамды үйлестіру және қайырымдылық мәдениетті дамыту сынды маңызды міндеттерді орындайды», - деді облыс әкімінің орынбасары.




Мадияр Қожахмет «Жыл жәрдемшісі» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін ашты. «Ірі және орта кәсіпорындар, ұйымдар» номинациясындағы жеңімпаз «Тайынша Астық» ЖШС директоры Анатолий Рафальский атанды. Анатолий Брониславович өз туған ауылы үшін нанға жеңілдіктен бастап, жолды жөндеуге дейін көп іс тындырды.



«Жеке кәсіпкерлер, шағын бизнес кәсіпорындары» номинациясында жеңіс «Весна» флористика студиясының директоры Елена Семидоцкихке бұйырды. Елена Александровна облыста қайырымдылық қызметпен белсене айналысады, бірде бір ауқымды іс-шара оның қатысуынсыз өтпейді. Сонымен бірге көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету барысында өзін таныта білді. «Солтүстік Қазақстан облысының «Сомониён Север» тәжік қауымы» ҚБ мүшелері биыл белсенді қайырымдылық қызмет көрсетті. Анваршох Гайратович Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының өкілі, орталық төрағасы «Этномәдени бірлестіктер» номинациясында жеңіске жетті.



«Қайырымдылық қорлары» номинациясында «Солнечный дом» Даун синдромы бар балалар мен ересектерге көмек көрсету қоғамдық қорының директоры Швец Анастасия Геннадьевна жеңімпаз болды. Қор ерекше адамдармен ауқымды жұмыс жүргізуде, мейірімді жүрек және өз ісіне деген шынайы махаббат - «Солнечный дом» қорының табыс кепілі.



Осы жылдың көктемінде облысымыз су тасқынынан зардап шекті. Жүздеген үйлер суға кетті, адамдар уақытша эвакуациялау орталықтарында тұрды. СҚО ҚХА кәріс этномәдени бірлестігінің төрағасы Хан Евгений Викторович ешқашан өңірдегі проблемалардан қалыс қалмайды. Зардап шеккендерге көмек көрсетті, гуманитарлық көмекті қабылдау және жеткізу барысында өз қызметтерін ұсынды. Ол «үкіметтік емес ұйымдар» номинациясында жеңіске қол жеткізді.



Ресей Федерациясынан көршілеріміз мұндай қиын жағдайда бізді қалдырмады. Басшы Есенғали Хамзаұлы Ибраевпен бірге Түмен облысы қазақтары ұлттық-мәдени автономиясы 8 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Орында еріктілердің көмегімен азық-түлік пакеттері жиналып, зардап шеккендердің мекенжайларына жеткізілді. Есенғали Хамзаұлы өңіріміздегі қайырымдылыққа қосқан үлесі үшін құрмет грамотасымен марапатталды.



2017 жылғы 19 мамырда ІІ Қайырымдылық балы өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша 3,169,000 тг жиналды. Қаражат Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің шешіміне сәйкес үш бала: Зологин Иван (бүйрек гипоплазиясы, бүйрегін ауыстыру қажет), Пугач Илья (остеопетроз, бас миын ауыстыру қажет), Бейсембаева Диана (бас ми ісігі, терең ұйқыда, қымбат тұратын ем қажет) арасында үйлестірілді. Іс-шара ойдағыдай өтті, бүгін біз Қайырымдылық балын жоғары деңгейде өткізуге көмектескен демеушілер мен жәрдемшілерді атап өткеніміз абзал.



Петропавл қаласының әкімі Тасмағанбетов Марат Иманбайұлы атынан марапатталады: Алена Писаренко тұлғасында «Гера» авторлық агенттігі, Елены Семидоцкихтің «Весна» флористика студиясы, «Ваш успех» жарнамалық агенттігі, «Ақ тілек» мейрамханасы.



Балға дайындық барысында ауқымды жұмыс жүргізілді, оған қаламыздағы талантты тұлғалар қатысты, ол біздің әріптестеріміз: «SabriKurtkaya», «Гримерка», «ElyaBeauty» сұлулық студиялары. «Алима», «Ариана», «Светская львица» сұлулық салондары. Визажистер: Марина Кожухарь, Куралай Давлетбаева. Ақапарттық демеушілер: «Регион-Медиа»жарнамалық-маркетингтік компаниясы, «Алирус» жарнамалық агенттігі. Жеке алғыс қаламыздың талантты фотографтарына: Марат Ибраев және Дәурен Абилхаятов, сонымен бірге видеограф Дидар Умутжанов. Арнайы эффектілер мен ертегі әлемі үшін Сыздыков Адильхан және Кайратов Мейрамбек марапатталды.



Қайырымдылық концерт, жәрмеңке немесе бал болсын кез келген іс-шараның артында көп жұмыс жатыр. Ол ең алдымен жан жылуын талап етеді, бұл жерге жарнаама немесе табыс үшін келмейді, мұндай іс-шараларды ұйымдастыруға адал таза жандар қатысады. Осындай жандардың бірі - Вера Щербинина. Ол көптеген қайырымдылық акциялар өткізді, көмекке мұқтаж бірде бір жан одан қалыс қалмады. Ол Әсемгүл Есқожа және Наиль Салимов атынан Құрмет грамотасымен марапатталды.



Көркемік жетекшісі Диляра Сабырова тұлғасында «Арай» халық би ансамблінің дарынды қыздарына алғыс айтылды. Диляра сынды кәсіби маман жұмысты қолға алғанда, іс-шара жоғары деңгейде өтетініне сенімді боласың. Талант, биге деген сүйіспеншілік, ақкөңілділік, мейірімділік, жұмысқа берілу сынды қасиеттер осы тамаша қызға тән. Диляра Ерлановна Құрмет грамотасымен марапатталды.



Осы жыл бойы бізбен «Мир Аттракционов» ЖШС директоры Александр Козлов белсене ынтымақтастық жасады. Қолдауы үшін оған құрмет грамотасы берілді.



Жуырда Диляра Сабырованың бастамасымен қаламызда қайырымдылық іс-шара өткізілді, онда қайырымдылық аукцион болды. Лоттардың бірі Жанат Жақияновтың киім үлгісі болды, ол оны Солтүстік Ирландия Бэлфаст қаласында өткен чемпион атағына басты күресте киді. Бұл киім үлгісінің иегерлері тұрақты әріптестеріміз Ольга және Сабри Курткая атанды. Бұл күні олар осы құнды лотты Қайырымдылық балды ұйымдастырушы - «Қоғамдық келісім» КММ қолына ІІІ Қайырымдылық балда қайта сату үшін ұсынды. «Құлагер» хоккей командасы имек таяғын иеленген Алена Писаренко және Александр Винокуровтың өмірбаяны мен қолы қойылған кітапты сатып алған Хан Евгений Викторович та қалыспады. Бұл құнды лоттар – бал ұйымдастырушылары үлкен қолдау, жақында дәстүрлі іс-шараға дайындық басталады. ІІІ Қайырымдылық бал одан да көп мейірімді жандардың басын қосып, балалардың өмірін сақтап қалатынына сенімдіміз.



Тынымсыз еңбегі, қолдау мен жылы сөздері үшін барлығына алғыс айтамыз! Айналадағы адамдарға деген мейірімділік – жан жүрегінің ашықтығы мен тазалығы, өмірді сақтау арқылы әр адам нағыз сиқыршы бола алады.


ruh.kz
СҚО ІСБ