28 Қараша, 2019
«Special Olympics Games» ойыны

2019 жылы 20 қарашада КИМЭП Университетінің Спорт Орталығында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында үстел теннисінен кезекті жарыс өтті.


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне орай КИМЭП Университеті мүмкіндігі шектеулі әуесқой және кәсіби ойыншыларын «Special Olympics Games» үстел теннис жарысында қайтадан біріктірді.

2019 жылы 20 қарашада КИМЭП Университетінің Спорт Орталығында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында үстел теннисінен кезекті жарыс өтті. 

WhatsApp Image 2019-11-25 at 17.24.00.jpeg

«Special Olympics Games» ойыны КИМЭП Университеті үшін дәстүрге айналған, алғаш рет турнир 2017 жылы өткізіліп, жарыста басты жүлде үшін 40 спортшы бақ сынасқан болатын. Аталған оқу орны тек академиялық салада ғана емес, жастардың арасында спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттауда да ынтымақтастық пен өзара әрекеттестікті ынталандыру бастамасын үнемі көтеріп отырады. Бірнеше жылдар бойы бұл спорттық ойынға әр түрлі қалалар мен жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысып келеді. «Special Olympics Games» Арнайы Олимпиада қозғалысының нәтижесінде КИМЭП интеллектуалдық мүмкіндігі шектеулі балаларды спортқа тартып, олардың қоғамға әлеуметтенуі мен бейімделуіне мүмкіндік береді.

Жарыста ақтық мәреге жеткендер жүлделі орындар үшін кубоктармен және медальдармен марапатталады. Сондай-ақ аталмыш шараға қатысушылардың барлығына да медальдар мен мақтау қағаздары тапсырылды.

Алматы қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі