8 Сәуір, 2018
С.Рахманиновқа арнау

Әйгілі композитор, пианист әрі дирижердың жауһарлары елордалық вокал және аспаптық жанр шеберлерінің орындауында шырқалатын болады бұл шара "Жаһандағы заманауи казақстандық мәдениет" жобасы аясында жүзеге асырылды


Ғасыр бойы қалыптасқан қазақстандық мәдениеттің жаһандық мәдениет көшінен қалмай, өзге елдермен терезесі тең түсіп отыруы оның ішкі рухы мен ұлттық потенциалының қуаттылығын білдірсе керек. Кешегі сал-серілер мен жез таңдай, күміс көмей әншілердің жалғасы іспетті бүгін де қаншалаған өнер саңлақтарымыз бар. Солардың бірі, қазақ ұлтынан шықпаса да, қазақтың мерейін асқақтатып жүрген Сергей Рахманиновтың қайталанбас композиторлық стилі даралығымен, ерекшелігімен өзгешеленді. 



Сергей Рахманиновтың қайталанбас композиторлық стилі даралығымен, ерекшелігімен өзгешеленді, музыкатанушы мамандардың пайымы бойынша оның әлемдік өнерде теңдесі жоқ десе болғандай. Яғни оның шығармашылығының тұла бойы Отанға деген махаббатқа, рухқа, мызғымас адамгершілік принциптеріне толы. С.Рахманиновтың орасан зор, сан қырлы мұрасына симфониялар мен симфониялық поэмалар, аспаптық концерттер, әсіресе, атақты фортепиано концерттері, сонымен қатар опералар, сюиталар, прелюдиялар, этюдтар, пьесалар, фантазиялар, вокалдық-хор музыкасы және т.б. енеді. Ұлы классиктің терең әрі өзіндік дарыны оның камералық-вокалдық және камералық-аспаптық туындыларында айқын көрінеді.



С.Рахманиновтың романстары тыңдарман қауым арасында ерекше ілтипатқа ие. Бүгінгі таңда де тыңдаушылар мен музыканттар олардың шынайылығын, ашықтығын, әуезді бейнелердің қанықтығы мен поэзиялық мәтіндегі көңіл-күйді жеткізудің дәлдігін аса жоғары бағалайды. Керемет пианист бола тұра, композитор өзінің вокалдық лирикасында фортепианоның аса бай, әсерлі әрі көп қырлы партияларына айрықша көңіл бөлген. Осының бәрі «В молчаньи ночи тайной», «Весенние воды», «Диссонанс», «Вокализ», «Я был у ней», «Здесь хорошо», «У моего окна» және тб. Бұл шығармаларды орындайтын біздің жас әртістер. Осы арқылы олар өткен күндердің классикалық музыкасына қолдау көрсетеді. Біз қазақстандық жастарды, әлемнің дамыған қауымы сияқты, классикалық музыканы тыңдауға, оны сүюге дәріптеп және әртүрлі бағыттарда жетік болды насихаттауымыз керек. Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет бағытының жүзеге асырылуы осындай, жайлы, жағымды уақыт өткізу ғана емес бізді жаңалықтарды, жаңа білімді алуды үйрететін дарынды жастарсыз мүмкін емес.


ruh.kz
«Астана Опера» театрының баспасөз қызметі