18 Қыркүйек, 2020
Стамғазиевтің домбырасы қайда?

Ерлан Стамғазиевтің домбырасы Мультимедиалық дәстүрлі музыка орталығына қойылды 

Мультимедиалық дәстүрлі музыка орталығында еліміздің мәдениет қайраткері Ерлан Стамғазиевтің домбырасын қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Артында өшпес із қалдырған өнер иесінің аспабы өзіне ұстаздық еткен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мұратбек Жүнісбековтың домбырасының қасынан орын тапты. Енді кез келген адам көненің көзі сақталған музейге барып, дәстүрлі әншінің аспабын өз көзімен көре алады. Ерлан Стамғазиевтің ғұмыры келер ұрпақ үшін өшпес өнеге деді бауырын тебірене еске алған Рамазан ағамыз.

«Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы? Өлмей тұғын артында із қалдырған», дегендей сол артында қалатын ізі, жолы жалпы елдің жүрегінде, біздің жүрегімізде қалады деген ойдамын. Сондықтан енді бүгінгі миссия – осында қадірлеп-қастерлейтін өзінің домбырасын осында әкеліп қойдық», – деді  Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиев.