10 Тамыз, 2019
СУРЕТШІ АЛМАС СЫРҒАБАЙДЫҢ ШЕБЕРХАНАСЫ (Фоторепортаж)

"Рухани жаңғыру" бағдарламасының дамуына зор үлес қосып жүрген талантты суретшінің шығармашылық шеберханасына арналған фоторепортаж

"Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасында айтылған жаңа Қазақстандық мәдениетті тудырып, бейнелеу өнері саласында жемісті еңбек етіп жүрген қазақтың талантты да, танымал суретшісі, иллюстатор, дизайнер Алмас Сырғабайдың шеберханасында болып, оның шығармашылығымен таныстық. 

ҚР Суретшілер одағының ғимаратының есігін ашқанымызда-ақ өнер әлеміне кіріп кеттік. "Армысыздар!" деп жылы құшақпен күлімдеп қарсы алған суретшіміз қазақ батыры -  Байтайлақтың образын жасау үстінде екен. сонымен біздің кейіпкеріміз - Алмас Болатханұлы Сырғабай 1979 жылы Алматы облысының Нарынқол ауылында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. Жеке көрмелері Алматы, Астана қалалары мен Түркия мемлекетінде ұйымдастырылды. Иллюстрациялық шығармалары үнемі кітаптар мен оқулықтарда жарияланып келеді. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. "Шабыт" халықаралық фестивалінің "бейнелеу өнері" номинациясы бойынша дипломант иегері. Жеке және халықаралық көрмелердің дипломанты. "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік наградасын иеленген. 


0Z9A9931.jpg

 Өнердің жетістігі


0Z9A0211.jpg

Суретшінің шығармашылық жұмыс үстіндегі сәті


0Z9A0006.jpg

Тарихи тұлғаның образын салу барысынан...

0Z9A0168.jpg

Ruh.kz
Джамиля Мурзабекова