6 Қазан, 2017
Суретшілер симпозиумы табыспен өтті

Елбасының «Болашаққа бағдар:  Рухани жаңғыру» мақаласы аясында Атырау қаласы әкімдігінің қолдауымен «Сұлулық әлемді құтқарады» атты халықаралық суретшілер симпозиумы ұйымдастырылды.


Симпозиумның мақсаты ұлан-ғайыр қазақ даласының әрбір тау-тасының, өзен-көлінің бедері мен бейнесі тұнып тұрған тарихи шежіре екендігін қылқалам арқылы бейнелеп жеткізу. Көне Сарайшық, кешегі Гурьевтен бүгінгі Атырауға айналған осынау атамекеніміздің қасиеті мен киесін кейінгі жас ұрпаққа жеткізу, олардың бойына сіңіру.





Аталған симпозиум жұмысына Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия елдерінен және республикамыздың өңірлерінен жиырмадан астам суретші қатысып отыр. Жұмыс жоспарына сәйкес алғашқы күні Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде семинар-конеференция ұйымдастырылды. Конференция жұмысында «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының өкілі Санжар Мулазимогылы, Қытай елінен бірінші дәрежелі суретші Ұлықпан Түсіпхан, Қырғыз Республикасы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халық суретшісі, академик, профессор Юристанбек Шыгаев, Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Талант Огобаев, Қазақстан суретшілер одағының төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайтраткері Өмірбек Жұбаниязовтар қылқалам құдіреті туралы ойларын ортаға салды. Шараны Атырау мемлекеттік уинверситеті бірінші проректоры  Әйгерім Сенбекқызы Шилібекова және Атырау қаласы әкімінің орынбасары  Полымбет Максимұлы Хасанов алғашқы құттықтау сөзбен ашты.





Бұнан кейін қонақтар «Ханордалы Сарайшық» кешеніне саяхаттады. Суретшілер келесі күні қаланың көрікті орындарында отырып сурет салды. Жас талантты суретшілерге шеберлік сағаттарын өткізді. Дизайн, сурет өнері мамандығы бойынша оқып жатқан студенттермен кездесті. Бағдарлама бойынша жергілікті «Жайық-Ақпарат» орталығында баспасөз отырысы ұйымдастырылады.



 


ruh.kz