23 Қараша, 2019
«T-CON» комикстер фестивалі

Фестивальдің мақсаты – Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, ұлттық бірегейлікті сақтау, сананың ашықтығы, тәжірибе алмасу және басқалардан үйрену, сондай-ақ, мультипликациялық кейіпкерлер арқылы жастардың санасына өз өлкесінің тарихын, ұлы батырларын насихаттау болып табылады.


Бүгін Талдықорған қаласының Көрме кешенінде Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру шеңберінде «T-CON» комикстер фестивалі өтті.

Комикстер – бұл әдебиет пен бейнелеу өнерін біріктіретін көркем туынды. Олар бір сюжеттің бөлігі ретінде дамитын көптеген кішкентай картиналарды суреттейді. Қолмен жазылған сюжеттің ең танымал түрі – супер қаһармандардың ертегілері. 

7329e6f6-ac9f-4572-bd7b-308f0ba9d380.JPG

Фестивальдің мақсаты – Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, ұлттық бірегейлікті сақтау, сананың ашықтығы, тәжірибе алмасу және басқалардан үйрену, сондай-ақ, мультипликациялық кейіпкерлер арқылы жастардың санасына өз өлкесінің тарихын, ұлы батырларын насихаттау болып табылады. 

1963c630-b3f2-4aad-af87-1b2c3be38d3b.JPG

Комикс фестивалі – бірегей авторлық жоба. Фестиваль қонақтары бірнеше шараларды бір жерде және бір уақытта өткізудің мүмкіндігіне ие болады. Бұл барлығына қазақ әлемінің және эпостың комикс кейіпкерлерімен танысуға мүмкіндік береді. Іс-шарада әрбір адам поп-мәдениеттің барлық қырларын сезіне отырып, алаңдарға бара алды. Мұның барлығы іс-шара қонақтарына кейіпкерлер мен ертегі кейіпкерлерінің әлем атмосферасына үңілуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар фестивальде «Қазақстандық комикстерді құру» шеберлік сыныбы және «Еркетай», «Жетісу» және «Орда» комикстерінің тұсаукесері өтті. Фестивальдің арнайы қонақтары – Darkhan Juzz және ABDR.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: Алматы облысының ішкі саясат басқармасы, Алматы облысы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі.

Алматы облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі