19 Қараша, 2018
Табыс – әрекет нәтижесі!

Кімде-кім өмірде табысты өзі салған алғашқы салымға қарай табады. Демек, сіздің бүгінгі тапқан табысыңыздың мөлшері жасаған еңбегіңіздің нәтижесін көрсетеді.


Бүгінде ешқандай ұйым ешкімге мөлшерден тыс артық немесе аз еңбекақы төлемеуді бірінші орынға қояды. Соған сәйкес, жалақыны жасаған еңбегіңе қарай төлеу қағидасы да бірте-бірте жолға қойылып келеді.



Ендігі уақытта қулық пен тиіп-қашып жұмыс істеуден келер пайданы көксеу – барып тұрған ақымақтық. Керісінше, бар қабілетіңізді салып, максималды еңбек етуді көздегеніңіз абзал.



Табыс табу – барлық адамзатқа өмір міндеттеп берген парыз. Табыссыз адамның қоғамнан алар орыны әрдайым төменде болмақ.



Сондықтан, еңбек етіп, одан тиісінше табыс табу – бүгінгі заманның басты қағидасы. Күшіңіз бен санаңыз қалпында тұрғанда табыс табуға асығыңыз. Әйтпесе бәрі кеш болуы мүмкін.


Ruh.kz
Nurlybek Buhpin