23 Маусым, 2018
Талдықорғанда «ASAR» ынтымақтастық форумы өтті

Үкіметтік емес ұйымдар, бизнес және мемлекеттің ынтымақтастығының дамуына жаңа серпін беріп, ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқылайтын «ASAR» үкіметтік емес ұйымдар(ҮЕҰ)-бизнес-мемлекет үшжақты ынтымақтастық форумы «Өңірлердің тұрақты дамуына жергілікті қоғамдастықтардың қосқан үлесі» тақырыбы бойынша  өтті. Талдықорған қаласында ұйымдастырылған форумның негізгі мақсаты – ұжымдар арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту. Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аталған ұйымдарға қояр басты талабын қызметкерлерге, үміткерлерге түсіндіру.


«ASAR» үшжақты серіктестік форумы «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының құрамдас бөлігі. Жыл сайын үкіметтік емес ұйымдар, бизнес пен мемлекет арасындағы диалог алаңына айналған. Форум жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік мәселелерді шешуде бизнес, үкіметтік емес сектор және мемлекеттік органдардың күш-жігерін белсенді етуге бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыстардың алға басуына мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы оң ықпал етіп отыр. Бағдарламалық мақаласы аясындағы «Туған жер»  бағыты азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіпкерлердің маңызды мәселелерді шешуге, ұлттық патриотизмді дамытуға жұмылдырады. Үкіметтік емес ұйымдар үшін де, бизнес үшін де әлеуметтік жобаларда  негізгі серіктес мемлекет екені жасырын емес.



Форумды  Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам комитетінің төрағасы Әлия Ғалымова ашты.



«ҮЕҰ - іскерлік құрылымдар мен мемлекеттік органдардың өзара тәжірибелерімен  алмасып, ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын құрайтын платформа. Әсіресе аграрлық аймақтарда ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында серіктестік жасауға қолайлы. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында жүзеге асырылып жатқан  жылыжай шаруашылығын дамыту жергілікті қауымдастық қоры халықты белсенді жұмысқа тарту жобасы болып табылады», - деп атап өтті.



Алғашқы күні шеберлік сабағы, «Smart Жетысу» оқу-әдістемелік зерттеулері мен пікірталас отырысы өткізіліп, қатысушылар ауылды аймақтарды дамыту мәселелерін, жергілікті өзін-өзі басқаруды жоспарлау, үкіметтік емес ұйымдардағы заманауи басқаруды, өңірлердің тұрақты дамуындағы оның тиімді факторы сияқты ауқымды тақырыптарды талқылады. Форумға ҚР Парламентінің депутаттары, бизнес құрылымдарының, отандық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың, сарапшылар қауымдастығының, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.



Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі форум аясында «Өңірлерге арналған әлеуметтік бастамалар», «Жергілікті өзін-өзі басқару тұрақты дамудың негізі» және «Жергілікті қоғамдастық және инновация» тақырыптары талқыланды.  



Іс-шараға барлығы 216 өтінім келіп түсіп, оның ішінен 141 жоба іріктеліп алынды. 3 шетелдік сарапшы арнайы шақырылды. Олар: Болгария мемлекетінен Александр Михайлов, жергілікті өзін-өзі басқару реформасы қорының сарапшысы, Райан Уэдл, АҚШ мемлекетінің  халықаралық даму агенттігінің  директоры, Вячеслав Бахмин, Мәскеу мемлекетінің Азаматтық бастамалар комитетінің сарапшысы.



Сонымен қоса, жыл сайын форум шеңберінде ҮЕҰ, бизнес және мемлекеттік органдар арасында меморандумға қол қою рәсімі өткізілді.  «ASAR» форумының нәтижесі бойынша 8 құжатқа, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес арасындағы серіктестік туралы 7 меморандумға және Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен «Атамекен» ҰКП арасында серіктестік келісіміне қол қойылды.



 Айта кетейік форумның ұйымдастырушылары,  Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Алматы облысының әкімдігі, «Атамекен» ҰКП және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ болып табылады.



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілгендей, азаматтар кез-келген бастамада прагматистік көзқараста болу керек. Талдықорғанда өткен форум да түрлі саладағы кәсіпкерлердің біліктілігін арттыратын, сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдардың, өзін-өзі қаржыландырушы орталықтардың мемлекет басшылығымен тығыз қарым-қатынаста екенін көрсетеді. Сонымен қатар, жеке кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлердің мемлекет басшысының бастамаларына қолдау көрсетіп келе жатқанын да айтып өткен жоқ. Әсіресе кәсіпкерлер. «Туған жер» кіші бағыты аясында ауылдық өңірлерді дамыту мәселесіне өте қарқынды атсалысты.



 


ruh.kz
Baribar.kz