17 Желтоқсан, 2019
Ұлттық музей. Тарих залымен танысу (фоторепортаж)

Қазақстан тарихы залында қазақ халқының маңызды тарихи оқиғаларға толы мыңжылдық тарихы баяндалады.


Қазақстан тарихы залында қазақ халқының маңызды тарихи оқиғаларға толы мыңжылдық тарихы баяндалады. 

33.jpg

38.jpg

Экспозицияда Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу және Түркістан жерлерінде қазақ мемлекетінің пайда болуы, дамуы және өркендеуі көрсетіледі. 

39.jpg

42.jpg

Келушілердің назарына көшпелі және отырықшы халықтың экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси қатынастарының өркендеуіне ықпалын тигізген Ұлы Жібек жолы ұсынылады. 

46.jpg

45.jpg

Қазақ халқының азаттық жолындағы күресі көптеген билер мен әскери қолбасшы-батырлардың есімімен тығыз байланысты. Олардың көрегенділігі мен ерліктерінің арқасында қазақ елі жүз жылға созылған қазақ-жоңғар соғысында жойылып кетуден аман қалды. Өз рулары мен тайпаларының қолын бастаған көптеген батырлар, тек әскери емес, сонымен қатар көшпелі қазақтың әлеуметтік-саяси өмірінде де үлкен рөл атқарды. 

37.jpg

35.jpg

Экспозицияда қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан өзіне тән ерекше рухани және материалдық мәдениетіне: батырлар және лиро-эпостық жырларына, ақындар мен жыраулардың, күйшілер мен ойшылдардың тың туындыларына кең орын берілген. 

40.jpg

41.jpg

Ruh.kz
Фото: Джамиля Мурзабекова