4 Шілде, 2018
Тек қана ұмтылыс арманның орындалуына әкеледі!

Дамуға деген ұмтылыс жер жаһанның төсінде сәнге айналған бағыт болып отыр. Адамның санасын, әлеуетін дамыту, сол арқылы елдің деңгейін арттыру – бүгінгі қоғамның басты талабы.


Арманшыл жан жоқ десе сену қиын. Бәрінің ой түкпірінде «осылай болса ғой» дейтін бір арманы бұғып жатады. Бірақ, өкініштісі, сол арманын жүзеге асыруға ұмтылыс жасайтындардың қатары аз. Қайран арман аласармаса да, ойдың түкпірінде жатып жабырқайды.



Өмір тек жаңа ұмтылыстарымен маңызды әрі қызықты һәм шартты. Арманын орындау үшін жанталасатындар  - бақыттылар. Өмірге келген соң артыңа із қалдырып, ұрпағыңның болашағын жарқын етуге атсалысып өтуің керек. Одан бұрын ер-азаматтардың алдында үлкен парыз тұрады. Ол – елдің болашағы үшін еңбек ету.



Бүгінде Тәуелсіз елімізде арманыңды жүзеге асыру үшн қажетті барлық мүмкіндік жасалған деп ауыз толтырып айтуға әбден болады. Тек ерінбей еңбек етсең жетіп жатыр. Жемісін өзің көресің.



Тек қана ұмтылыс - арман мен мақсаттың орындалуына алып баратын дара даңғыл.


ruh.kz
Nurlybek Buhpin