30 Қазан, 2018
Темірғалы Түйтеұлы Нүрекенов - Мемлекеттік Думаның II шақыруының депутаты

2018 жылдың қыркүйек айының 29 жұлдызында «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында Павлодар облысының Щарбақты ауылында салтанатты түрде Темірғалы Нұрекеновтың кесенесі ашылды.


Еліміз егемендік алғаннан бері ұмыт болған ұлттық тұлғаларымыздың есімдері қайта жаңғыртылуда. Сондай тұлғалардың бірі Темирғали Нүрекенов. Ол жайлы көбіміздің біле білмейтінім өте өкінішті әрине. Темірғалы Нүрекенов 1856 жылы дүниеге келіп, 1919 жылы өмірден өткен. Ол Нүрекеннің немересі болған, Нүрекен Мекке-Мединеге барған тұңғыш қазақ, және де сол жақта қажылыққа барғандарға арнап 100 орынды қонақ үй салған адам.



Темірғалы Түйтеұлы Нүрекенов дін және қоғам қайраткері болған. Сүнниттер мағынасындағы исламды зерттеген, екі рет қажылыққа барған. Есілбай ауылында өз қаражатына 150 орындық намаз оқитын бөлмесі бар мешіт, жатақханасы мен асханасы бар медресе салдырған. Оның зейінінің арқасында сол ауылда балаларға мектеп ашылған. Бұл кісі өте сауатты, оқымысты болған.  Ол орыс, парсы, араб, татар сияқты бірнеше шет тілдерін жетік білген. Мал шаруашылығы және саудамен айналысқан. 2000 астам мал басына ие болған.



Мәшһүр Жүсіп Көпеев Темірғалының ақылы, білімі және таңғажайып адамгершілік қасиеттері туралы жырлаған керемет өлеңдер жазған. М.Ж.Көпеев Темірғалы есімі Москва мен Казань қалалаларына дейін әйгілі, оны Медине, Мекке, Стамбулда да біледі деп жазған.



Т. Нүрекенов «Алаш» қозғалысының  қайраткері, 1905 жылғы Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі болып табылады.



1907 жылғы 12 ақпанда Темірғалы Семей облысынан Мемлекеттік  Думаның II шақыруына депутат болып сайланды. Онда оны ұсынған Алаш зиялысы Әлейхан Бөкейханов еді. Т.Нүрекенов Думада жұмыссыздарға көмек көрсету мәселесі бойынша жарыссөздерге қатысқан.



Ресей Меслекеттік кітапханасында 1907 жылғы «Члены Государственной Думы» атты кітабы сақталған, сол кітапта Темірғалы Нүрекеновтың есімі жазылған. Қаншалықты тарихи тұлға екенін осыдан сезінуге болады.



Кейбір деректерде, одан кейінгі өмірі мен қайтыс болған күні белгісіз деп жазылса да, «Павлодарское Прииртышье» энциклопедиясында дүниеден өткен жылы - 1919 жыл деп келтірілген. Өзінің туған жері Павлодар облысының Шарбақты ауданы Есілбай ауылында жерленген. Есілбай ауылында 1992 жылы ауыл тұрғындары өз күшімен жаңа мешіт салып, оны Темірғалы Нүрекеновтың атымен атады.


Ruh.kz
Ruh.kz