30 Қазан, 2020
Тігіншіні инесі асырайды (Фоторепортаж)

Жас маман ұлттық кодымыздың тамыры – ұлттық өнердің насихатын жаңғыртуды міндеті санайды. 

Тігінші.jpg

Шебердің қолы ортақ. Бүгінгі «Еңбек адамы» айдарының кейіпкері – жас тігінші Шапағат Ахметова.

Тігінші.jpg

Шапағат күніне, кемі, 2-3 көрпеше тігеді.

Тігінші.jpg

Ұлттық дәстүрді дәріптеп, тігіншілікке келгеніне 5 жылдай уақыт болған.

Тігінші.jpg 

Шапағат тігіншіліктің қыр-сырын анасынан үйреніп, ұлттық нақыштағы бұйымдарды пішу, тігу техникасын жетік меңгерген білікті маман.

Тігінші.jpg

Шапағаттың көрпешелері шетел азаматтарының қызығушылығын тудырған.

Тігінші.jpg

Қазақы дүниелерге Индонезия, Түркия, Америкадан жиі тапсырыс келеді.  

Тігінші.jpg

Көз майын тауысып күн ұзақ көрпе тігу шыдамдылық пен ептілікті талап етеді.

Тігінші.jpg

Әр оюдың тарихын, мағынасын білу де маңызды.

Көрпеше

Шапағат білгенін басқа қыздарға үйретіп, шәкірт те тәрбиелеп үлгерген.

Көрпеше

Еңбегі көптің өнбегі көп. Еңбек адамының мерейі үстем, мәртебесі биік болсын!

Әмина Қадылбекқызы

Ruh.kz