15 Қыркүйек, 2020
«Томирис» фильмі Гран-при жеңіп алды

"Томирис" кинокартинасы Париждегі L"Etrange Festival 26-шы кинфестивалінде халықаралық толықметражды фильмдер секциясында Гран-при иегері атанды. Бұл туралы режиссер Ақан Сатаев хабарлады. 

"Фестиваль серіктестерінің бірі, француз тіліндегі әлемдегі ең ірі ақылы телеарна CANAL+ енді біздің фильмді прайм-таймда көрсетеді", - деп жазды режиссер, "Қазақфильм" киностудиясының президенті Ақан Сатаев.

L"Etrange Festival кинофестивалі Парижде 2-13 қыркүйек аралығында өтті.

Бұған дейін Акан Сатаевтың Томирис туралы фильмін көрсету құқығының халықаралық дистрибьюторы Arclight Films компаниясы Marché Du Film халықаралық кино нарығы кезінде жасалған мәмілелер туралы хабарлады.

Келіссөздерден кейін мына компаниялар фильмді көрсету құқығын иеленді: Италияда Blue Swan, Францияда SND Films, Испанияда Art Mood, Жапонияда AT Entertainment, Таяу Шығыста Gulf Film, Оңтүстік Кореяда Challan, ТМД елдерінде Paradise/ MGN, Сингапурде Shaw, Румынияда Program 4 Media және Түркияда Siyah Bayez Movies.

АҚШ-та көрсету құқығын Well Go USA компаниясы сатып алды.

Ақан Сатаев түсірген "Томирис" фильмі парсы патшасы Кирге қарсы тұрған сақ патшайымы туралы баяндайды.