19 Тамыз, 2019
Труба - музыкалық аспап (инфографика)

Труба (итал. tromba – труба) – жоғары регистрлі үрлемелі музыкалық аспап. 

Алдыңғы мақаламызды осы музыка аспабында ойнайтын Жасұлан Әбдіқалықовқа арнаған едік. Трубаға қызығушылық танытқан болсаңыз, музыкалық аспап туралы шағын ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз.  Труба жезден жасалады. Жалпы тұрқы (мундштуксыз) 465 – 470 мм. Трубаны ертеде дабылшы ретінде аңшылықта, жаугершілікте, салтанатты жиын-тойларда пайдаланған. Трубаның түрлері: пикколоальтбас. Труба үрлемелі аспаптар оркестрінде, симфониялық оркестрде қолданылады, сондай-ақ жеке де (соло) ойналады. Тұтас ағаштан, қола я болмаса күмістен қысқа әрі түзу етіп жасалған Трубалар кезінде Ежелгі Мысырда, Ассирияда кең таралған. Осы тақылеттес музыкалық аспап ежелгі гректер мен римдіктер арасында да белгілі болды. Орта ғасырларда кезбе музыкашылар Трубада ойнап өнер көрсетіп отырған, әсіресе, олар Қайта өркендеу дәуірінде сарайларда өз өнерімен кеңінен танылды.


20 (3) (1).jpg



Ruh.kz
Анель Қанатқызы, Ruh.kz