23 Қазан, 2019
«True or False»

Нұр-Сұлтан қаласында Қоғамдық даму істері басқармасының бастамасымен «True or False сыни ойлау мектебі» жобасы басталды.


Ағымдағы жылдың қазан мен қараша айлары аралығында жастарға арналған кибер қауіпсіздік, психология және коммуникация саласындағы жоғары білікті мамандар тренингтер топтамасын өткізеді. Интернетте ұсынылған ақпаратқа сыни көзбен қарай білу адамға виртуалдық және шынайы әлемді ажыратуға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар ғаламторда жиі кездесетін жалған ақпаратты жүрегіне жақын қабылдамай, өз психикасын сақтауға көмектеседі. 

14.png

«Жастар ақпараттың таратылу жылдамдығы және технологиялардың қарқынды дамуына дайын болуы тиіс. Тақырыптың өзектілігіне байланысты аталмыш жоба ұйымдастырылды», - дейді жобаның ұйымдастырушылары. Елордалық жастардың жобаға қатысу өтініштері 2019 жылғы қыркүйектен бастап 3 қазанға дейін қабылданды. Нәтижесінде 300-ге жуық үміткерлер тіркелді. Олардың 62-сі орта мектеп оқушылары, 167-сі студенттер, 57-і жас мамандар. 

12.png

Жалпы үміткерлер арасынан 180 тыңдаушы таңдалды. Олар сыни ойлау және кибер кеңістіктегі ақпаратты талдау дағдыларын жетілдіру бойынша тренингтар топтамасына қатысуға мүмкіндік алды. Үш апта ішінде жастар киберқауіпсіздік және коммуникация саласындағы жетекші сарапшылардың курстарынан өтеді. Жоба нәтижелері бойынша қатысушылар арасында медиа сауаттылық бойынша чемпионат өткізу жоспарланған. 

15.png

Нұр-Сұлтан қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық офисі