13 Мамыр, 2019
Туған жерге тағзым ету – басты парыз

   Әрбір қазақтың жалғыз ғана отаны болып табылатын Қазақ елін сүйсе екен деген арманнан туындаған Елбасы бағдарламасы жер жерде жүзеге асып жатыр. Елім, жерім деп жүрген азаматтар туған топырағына көмек қолын созуда. 

        Туған жерге тағзым ету, кіндік қаны тамған топырақтың қадірін білу - әрбір азаматтың парызы. Отаншылдық өскен өлкені сүю, оған құрмет танытудан басталады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы осыған үндейді. Елбасы өз мақаласында «Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды», - дей келіп, туған жерді дамытуға атсалысу әрбір азаматтың борышы саналған.