1 Тамыз 2019 Ruh.kz 714

ТҰҒЫРЛЫ БОЛ, ЖАС ТҮЛЕК!

 | RUH.kz
Тәуелсіз сананың, тәуелсіз елдің, тәуелсіз таңның түлектері болашаққа қандай сезіммен қарайды?

Грантқа түскен түлектердің тізімі жарияланды. Біреуге қуаныш, біреуге медеу, біреуге мақтаныш. Жыл сайын ЖОО-на жанарында жалын ұрған, жүрегінде жастық от маздаған, от шайнап, шоқ түкірген мыңдаған түлектің легі ағылады. Сол мыңның ішінде келешекте ел іргесін қалап, тізгінін ұстайтын бір азаматтың бары сөзсіз. Тіршіліктің жазылмаған заңдарына сәйкес кей мамандықтар ескіріп, жаһанданудың себінен адамның орнын темір интелект басып, бұрын аса қажет болмаған жаңа мамандықтар пайда болып, ескінің орнын жаңа, жаңаның орнын озық алмастырып отырады. Тек сол отты, сол жалынды өшіріп алмаса болғаны. Тәуелсіз сананың, тәуелсіз елдің, тәуелсіз таңның түлектері болашаққа қандай сезіммен қарайды? Олардың құндылықтары қандай? Жас буынның орта буыннан несі ерек? Грантқа ие болған түлектермен сөз алмасып, сұрақтың астына алған едік:

1.     Қай жоғарғы оқу орнында, қандай мамандық бойынша тәлім тергелі жүрсіз?

2.     Бұл мамандық қоғамға қаншалықты керек?

3.     Он жылдан соң өзіңізді қалай елестетесіз?

4.     Бүгінгі таңның қажетті мамандықтары қандай деп ойлайсыз?

5.     Елімізде жастардың алға қойған мақсаттары мен армандарын орындауы үшін тиісті мүмкіндіктер қарастырылған ба?

6.     «Жастар жылы» сезіле ме?

Міне осындай сұрақтарға бірнеше түлектен жауап алдық. Оқи отырыңыз...

Анербай Дияс Даниярұлы:

1.     Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығынан тәлім алғалы жүрмін.

2.     Қазіргі кезде тіліміздің шұбарлануы мен бұзылуы көп байқалады. Замандастарымның тілімізді ластамауы үшін осы мамандықты таңдадым. «Тәрбие тал бесіктен». Баланың тілі шыққанынан бастап, қалыптасуы, икемделуі, бәрі-бәрі оның ата-анасына тікелей байланысты. Қазақтың небір әсем сөздерін заманауй ұрпақ қолданысына қосқым келеді.

3.     Биіктен көріну – кез-келген адам баласына тән қасиет. Сол биікке жету үшін барымызды саламыз. 10 жылдан соң артынан ерген інілеріне тиісінше үлгі бола білетін, қаламы қарымды тілші болғым келеді.

4.     Қазақстанда техника мамандықтары тапшы. Гранттардың басым бөлігі де осы салаға бөлінеді.

5.     Сан ғасыр бойы армандаған тәуелсіздікке біздің қолымыз жетті. Елім деп өткендердің ерең еңбегінің жемісін біз көріп келеміз. Осыған шүкіршілік ету керек. Жастардың арманын іске асыру үшін, істерін елеусіз қалдырмау үшін небір жобалар іске асырылып келеді де, асырыла береді де.

6.     Тұңғыш президентіміз ағымдағы жылды –«жастар жылы» деп бекіткені рас. Алайда елімізде бұған дейін де жастарға тиісінше көңіл бөлініп, көмек көрсетіліп келеді. Сондықтан «жастар жылы» – әр жыл сайын өткізіліп келеді деуге де болады.

Мұхтарова Аружан:

1.     Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Автоматтандыру және басқару» факультетінің студенті атанғалы жүрмін.

2.     Менің ойымша бұл мамандық қоғам өміріндегі, жалпы адамзат өміріндегі қажеттілігін ешқашан жоғалтпайды. Бұл мамандықты негізінен грант көп бөлінгендіктен таңдадым. Десе де, ғаламтордан қарап отырып кейін келе зауыттар мен цехтарды басқара алатынымды білдім. Сонымен қатар түрлі жабдықтаулардың озық әдістерін қолдана аламын. Автоматтандырудың экологиялық таза жүйелері мен болуы мүмкін апаттар, сол апаттарға ұшыраған адамдардың тіршілік етуінің қауіпсіздігін және оларды қорғаудың түрлі әдістерін меңгере алатынымды түсіндім.

3.     Осы сұрақты өзіме жиі қоямын. Алайда нақты жауабын әлі білмеймін. Ең бастысы денім сау, таңдаған мамандығымның озық маманы болғым келеді. Кей-кейде жеке кәсіппен айналысуды да ойлаймын. Бірақ бұл жағын әлі толықтай ойластырмадым.

4.     Елбасымыздың 2019 жылды – «жастар жылы» деп белгілеп кеткені мәлім. Жастар жылы сезіледі. Түлектерге көптеп грант бөлінуінің өзі-ақ осы сөзімізге дәлел.

Өздерінің таңдауларына кәміл сенімді, болашақтарына нық қарап тұрған жастардың алар асулары биік болғай!   

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР:

ЖАСТАРДА ШЫНЫМЕН ДЕ ШЕКАРА ЖОҚ ПА?

ЖАСТАРҒА "ЕІ" МАҢЫЗДЫ

ZEREN – 2019

ВОЛОНТЕРЛІК ІС ОҚУҒА КЕДЕРГІ ЕМЕС

АЯТЖАН АХМЕТЖАН: АЛТЫН БЕЛГІНІҢ ҚҰНЫ КЕТТІ!   

Сұлтан Мұстафин

Ruh.kz

Достарыңызбен бөлісіңіз

Басқа жаңалықтар

18 Тамыз, 2019

Ақбоз ат (венгр халық ертегісі)

18 Тамыз, 2019

Абайсыз рухани жаңғыру мүмкін емес!

17 Тамыз, 2019

Бесік жыры

16 Тамыз, 2019

Музыкада өз атыңа кір келтірмесең, биік асуларды алуға болады!