2 Желтоқсан, 2020
Тұңғыш Президент күні қарсаңында 40 отбасы қоныс тойын тойлады

Түркістан облысы Шардара ауданында «Тұңғыш Президент күні» мерекесінің қарсаңында 40 отбасы баспаналы болды.

WhatsApp Image 2020-11-30 at 18.24.08.jpeg

Мерекелік шараға аудан әкімі Қайрат Жолдыбай арнайы қатысып, үй иелерін қуаныштарымен құттықтады.

«Өз үйің – өлең төсегің» деген ұлағатты сөз бар халқымызда. Тағатсыздана күтіп, өз баспаналарыңызды кілтін алып, құтты қадам жасағалы отырсыздар! Мемлекет тарапынан қолға алынған «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған тұрғын үй кешені әрқашан игіліктеріңізге жарап, берекелі шаңыраққа айнала берсін. Сіздерді баспаналы болуларыңызбен шын жүректен құттықтаймын», - деді аудан әкімі.

Төрт қабаттан тұратын үйдегі пәтерлер тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы аналарға, І-ІІ топ мүгедектігі бар азаматтарға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, бюджеттік мекемеде жұмыс істейтін қызметкерлерге және аз қамтылған отбасыларға берілді.

Айта кетейік, биыл аудандағы тұрғын үй құрылысының жұмыстары өткен жылмен салыстырғанда 51 пайызға арта түскен.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ruh.kz