22 Тамыз, 2018
Тұр! Ұйқтама!

Ұйқы – адамның өмір бойы күресетін жауы. Жалқаулықтың егіз ұғымы ұйқы десе да болады. Әрине, денсаулық мығым болуы үшін уақытылы ұйқы қажет-ақ. Бірақ ұйқыны қандыру жолына белді бекем буып түсіп, жетістікке жетер даңғылдан адаспаған жөн.


Өмір – адамның өлшеулі сыйы. Оны тек жақсы нәрселерге ғана пайдалана білген жөн. Тура жолдан тысқары қадам жасамай, адалдық пен ізгілікке бой үйреткен абзал.



Ұйқы адамды жалқаулыққа, құлшыныстың азаюына, мақсаттардың жойылуына, армандау дәрежесінің төмендеуіне алып келеді.



Уағында Міржақып Дулатұлы «Оян, қазақ! « деп ұран салғанын жалпымыз білеміз. Оның сол ұранды аттандап айтудағы мақсаты – халықты оң бағытқа иетрмелеу, қараңғылықтан шығып, білімнің нұрымен сусындауға баулу.



«Ұйқы» сөзі физикалық қажеттілікті ғана емес, даму үдерісіндегі бірсарындылықты немесе құлдырауды да білдіреді. Демек, қарыштап дамып, жылдам қарқын алып бара жатқан қазіргі қоғамда «ұйқтап қалмаған» жөн.



Ұйқтама! Пайдалы іспен айналыс! Болашақ үшін тер төк! Ұйқтау үшін жағдай жаса! Сонда жетістікке жетесің!


ruh.kz
Nurlybek Buhpin