2 Ақпан, 2019
Түркістанда «Салбурын – мереке ғой саятшыға» фестивалі өтті

Түркістан облысы Түлкібас ауданында Алатаудың баурайында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары аясында «Салбурын – мереке ғой саятшыға» атты фестивалі өтті


Фестивальге облыс ардагерлері мен аудан-қалалардан құсбегілер мен саятшылар келіп қатысып, аудан тұрғындары тамашалады. Табиғатымен тамсандырған «Ақсу-Жабағылы» қорығының қойнауында өткен іс-шарада қостар тігіліп, ұлттық құндылықты насихаттау барысында саятшылар мен құсбегілер ит жүгіртіп, құс салып, аңшылық өнерді паш етті.



http://static.ernur.kz/article/5c543221969f4.jpeg" />



Сонымен қатар, келген қонақтар қолөнерден жасалған көрмемен және саятшылар жайғасқан қостармен танысты. Аңшылық дәстүрінде бар «Салбурын» осылайша жаңғыртылып, жастарға үлгі етілді. Ит жүгіртіп, құс салуды, жалпы саятшылықтың қыр-сырын танытуды көздеген іс-шарада белсене қатысқан жеңімпаздар марапатталды. Ақпарат үшін: Салбурын – қыстың аң аулау маусымында аңшылар топталып, аңы мол жерге сапар шегетін, аңшылықтың бар қызығы мен сән-салтанатын құратын бас қосу.



http://static.ernur.kz/article/5c54323a878a7.jpeg" />



Жақсы ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы және түзу мылтықты сайлап, саңлақ саятшылар, құралайды көзге атқан мергендер мен қыран баптаған құсбегілер және әнші-жыршылары да бірге бас қосады.



http://static.ernur.kz/article/5c5531caedc04.jpeg" />



Күні бойына аң аулап жан-жаққа кетіп, кешкісін қос басына жиналады. Іздерінен ерген жастарға аңшылықтың қыр-сыры мен қыран мен тазы баптау жолдары үйретіліп, бір-бірімен тәжірибе бөліседі.



ТҮРКІСТАН: Салбурын фестивалі туристер үшін қызық па?http://static.ernur.kz/article/5c554686bd138.jpeg" />

 



http://static.ernur.kz/article/5c55346dc4278.jpeg" />



Фестиваль аясында облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ата-бабамыз саятшылық құрғанда қолданған жабдықтарды көпшілік назарына ұсыныды.



http://static.ernur.kz/article/5c5534cf19267.png" />



Мәселен мынау табын аяқ. Малдың ішегінен көмкеріліп жасалған. Малдың ішегі өте сусылдақ сол себепті, аңшылар ішектен жасалған табын аяқтармен қар үстінде жүргенде, аяқтары қарға батпайды. Сырғанақтап жүргенге өте ыңғайлы болған.



http://static.ernur.kz/article/5c553591615ef.png" />



Сеңсең тоны және саптама етік. Саптама етіктің ерекшелігі аяқ киім тез тозбауы үшін екі аяқта да ауыстырып киіп отырған екен.



http://static.ernur.kz/article/5c5535e6edaa9.png" />



Қанжыға. Ертеде аңшылар ұстаған аң-құстарын осындай қанжығаға байлап отырған.



http://static.ernur.kz/article/5c5538367e84d.png" />



Қосын. Аңшылыққа шыққан кезде, осындай қос қаданы қолданған. Қылыштар, садақтар, терілер, шоқпарларын қойып, қазан көтерген. Кешкісін аулаған аңын қазанға салып пісіріп азық еткен екен.



http://static.ernur.kz/article/5c5538e28b462.png" />



Шыңдабыл. Жаз, күз ауларында аңшылар шыңдабылды қамыс арасындағы қаз-үйректерді үркітіп, шошыту үшін қолданған.



http://static.ernur.kz/article/5c553a74323e7.jpeg" />



Айта кету қажет, Түлкібас ауданында өткен фестивальде облыстың барлық аудан, қалалары қамыстан қосын тігіп, көпшілікті өз аумақтарындағы аңшылық өнерімен таныстырды.



http://static.ernur.kz/article/5c553cb1bc20e.png" />



http://static.ernur.kz/article/5c553cf3b414e.png" />



Шарада құсбегілер бүркітін қоян мен қарсаққа қойып, құмай тазы баптайтындар түлкі қуып өзара кім мықтыны анықтады.



http://static.ernur.kz/article/5c553d287d3ad.jpeg" />



Түлкібас ауданы, Майлыкент ауылының тұрғыны Сейілхан Лесбай да бұ жолы тазысын топқа қосып шапшаңдығы мен айлакерлілігін аңғарып көрді. 20 жасынан бастап саятшылық құрып жүрген жігіттің 3 жыл бұрын Қарағандыдан алдырған тазысы қанжығасын бос қалдырмады. Айтуынша, иттің нәзігі тазы екен. Себебі, күшік кезінде әлжуас, көпшіліктің көзіне түссе ауырушаң болатын көрінеді.



http://static.ernur.kz/article/5c553f2ad328d.png" />



"Негізі тазы деген бұрындары бір ауылды баққан дейді ғой. Қиын заманда аңшылық жасап, түлкі ұстап, одан киім тігіп күн көрген деседі. Мен сол атадан қалған дәстүрді жалғастырушымын. Қазір аң да бұрынғыдай көп емес, аулай беруге де болмайды. Бұдан бөлек, 2 тазым бар. Биылдыққа 2 түлкі, 18 шиебөрі ұстадым. Біз жақта енді шиебөрі ауылға келіп тауықтарды қырып кетеді. Сол кезде тазыларды босатып жіберемін",- дейді саятшы жігіт.



http://static.ernur.kz/article/5c5541359913c.png" />



Фестивальде сөз сөйлеген Түлкібас ауданының әкімі Нұрбол Тұрашев, шараға келушілерге облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың сәлемін жеткізіп, Салбурынды өткізудің мақсатына тоқталып, сайыстарда құсы мен иті жүйріктік танытып жүлдеге ілінген бүркітшілер мен тазы баптаушыларды марапаттады. Бүркітшілер арасында жүлделі 3-орынға Төлеби ауданынан келген Таң Төлемырза ие болды.



http://static.ernur.kz/article/5c554278b5624.png" />



2-орын. Түлкібас ауданының тұрғыны Бауыржан Елшіметовтің еншісінде кетті.



http://static.ernur.kz/article/5c5542c554f64.png" />



Ал, 1-орын созақтық Бағдат Күйменовке тиесілі болды.



http://static.ernur.kz/article/5c55436731054.png" />



Тазылар сайысында 3-орын Отырар ауданынан келген Төребек Шарабаевтың еншісіне тиді.



http://static.ernur.kz/article/5c5543d78fb42.png" />



2-орынға Ордабасыдан келген Сәрсенбек Әбуовтің тазысы лайық деп танылды.



http://static.ernur.kz/article/5c55442712e76.png" />



Ал, Арыс қаласының тұрғыны Нұрлыхан Абзалов бұл сайыстың жеңімпазы атанды.



http://static.ernur.kz/article/5c5545b1db817.jpeg" />



Айта кету қажет, осындай фестивальдер жылдан-жылға өз нәтижесін беруде. Мәселен, былтыр Түркістан облысына алыс-жақын шет мемлекеттерден келушілер саны 7,7 пайызға артқан. Бір ғана Түркістан қаласына 1 милионнан астам турист табан тіресе, 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 5 миллионға жеткізу көзделіп отыр. 



ernur.kz

 


автордан