14 Қазан, 2019
Түркия мемлекетіне іс сапар

Атырау облысы өңірлік «Рухани жаңғыру» кеңсесі өкілдерінің Түркия мемлекетіне іс сапары туралы қысқаша ақпарат

Ағымдағы жылдың 9-11 қазан күндері аралығында Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің өкілдері ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында Түркия мемлекетінің Анкара, Конья қалаларында іс сапарда болды.

Алдымен, делегация құрамын Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы қабылдады. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары З.Таласбекова Елбасының аталған бағдарламаларының Атырау өңірінде жүзеге асу барысына тоқталса, қоғамдық бірлестіктің өкілі О.Биманова Түркияға сапардың негізгі мақсаты туралы айтып өтті.

Одан әрі, «Cankaya» университетінің ректоры, профессор Кан Гогум, профессор Нуреддин Биликпен кездесу өтті. Кездесу барысында өзара әріптестік пен ынтымақтастықтың одан әрі жалғасуы сөз етілді. 

daccc802-6ce9-4b36-a000-8ee7c322d385.jpg

10 қазан күні Хажы Байрам университетінің түркі тілдес халықтар тілдері факультетінің басшысы, доктор Кемил Кинас, профессор Гүлжанат Құрманғалиевамен, факультет ұстаздар және студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Қазақстаннан әкелінген «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын насихаттайтын естелік сыйлықтар, тарихи кітаптар мен ғылыми әдебиеттерден Қазақстан елінің бұрышы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, аталған университетте «Рухани жаңғыру» орталығы құрылып, одан әрі тығыз қарым-қатынас жасауға келісілді. Атырау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің «Рухани жаңғыру» кіші жобалық кеңсесі ұсынған бейнеролик тамашаланып, кеңсе атынан оқушылардың дайындаған қолөнер бұйымдары, қазақы нақыштағы кілем табысталды. Кездесу барысында өзара ынтымақтастық, іскерлік байланыс жалғасатындығы айтылды.

Іс сапар одан әрі Конья қаласындағы Инглов университетіндегі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға ұласты.

Атырау облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі