21 Тамыз, 2018
Уақытыңды босқа өткізбе!

Уақыт – адам өміріндегі ең басты құндылық. Оны қалай жұмсағаныңа баланысты алға қадам жасайсың немесе құлдырауға түсесің. Өмірде әркімнің өлшеулі уақыты бар. Оны қалай қажетке жұмсау әркімнің өз құзырында.


Адам жетістікке жетуі үшін ең алдымен уақытын тиімді пайдалануды үйренуі керек. Бұл – жетістікке жету жолында жасалатын ең алғашқы һәм ең маңызды қадам. Осы қадамды орнықты әрі нық жасаған адам түбінде бір жетістікке қол жеткізеді.



Уақытты есепте. Қандай жерде өз уақытыңды зая кетірмеу қажеттігін түсін. Келесі жолы бұл қадамды қайталамауға тырыс.  Осы кезде басқан қадамың өніп, жетістікке алып барар даңғыл жолға түсесің.



Өмірде барлығы сен ойлағандай болмауы мүмкін. Бірақ кез-келген қателікті орынына келтіруге, одан өмірлік сабақ алуға болады. Қазақта «Орынында бар оңалар» деген керемет нақыл бар.



Егер уақытыңды тиімді пайдаланып, өзіңе алдағы уақытта пайда әкелетін жерге жұмсасаң, сөз жоқ белгілі бір жетістікке қол жеткізесің.



Уақыт – болашаққа салар қолда бар капитал. Жақсы бағыттағы айналымға салсаң,көп ұзамай пайда түсері хақ. Ендеше, іске кіріс!


ruh.kz
Nurlybek Buhpin