«Ақтөбе халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына Әлия Молдағұлованың есімі берілді, деп хабарлайды Ruh.kz Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Қабылданған қаулыда «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (10-бабының 4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
«Ақтөбе халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына Әлия Молдағұлованың есімі берілсін. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі» делінген.
Ruh.kz
ашық дереккөздерден